Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітап оқып, спортпен шұғылданатын жастар арасында байқау басталды

Кітап оқып, спортпен шұғылданатын жастар арасында байқау басталды

Фото: Мәдениет министрлігі
Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар арасында SportАrtFest байқауы басталғанын хабарлады.

Барлық өңірден келген командалар білім, спорт және шығармашылық қабілеті бойынша үздік атану үшін бақ сынайды.

SportArtFest байқауы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ules» жобасы аясында өткізіліп жатыр.

Аталмыш іс-шара жастарды оқуға, өнерге және спортқа баулу, сондай-ақ елімізде салауатты орта қалыптастыруға бағытталған.

Байқаудың алғашқы үш кезеңі өңірлік деңгейде, төртіншісі республикалық деңгейде өтеді. Әр командада 5 адам бар.

Әуелі топтар Қазақстан тарихы, отандық және әлемдік спорт, мәдениет саласы бойынша сұрақтардан тұратын зияткерлік тест тапсырады.

Содан кейін командалар спорттық челленджден өтуі керек. Ал, үшінші кезеңде оларды ұйымдастырушылар бекіткен бес кітап бойынша IQ-buttle күтеді.

Финалистер Алматыда өтетін республикалық кезеңде өңір намысын қорғауға барады. Жүлде қоры — 1 600 000 теңге.

Конкурсқа 8 тамызға дейін мына сілтемеде тіркелуге болады.
04 тамыз 2024 ж. 254 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930