Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыркүйекте 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина салынады

Қыркүйекте 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина салынады

Осы жылдың қыркүйек айында 11 жасар қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина салынады. Бұл туралы ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зауре Ахметова мәлімдеді,-деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Биылғы қыркүйекте 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина салу жоспарланған. Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация үшін адам папиллома вирусының ең онкогенді түрлерінен қорғайтын АҚШ-тың 4 валентті "Гардасил" вакцинасы қолданылады. Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация онкологиялық аурулардың, соның ішінде жатыр мойны обырының ауыртпалығын азайтады және жалпы халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға, онкологиялық аурулардан болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендетуге ықпал етеді",деді Зауре Ахметова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Спикер елімізде жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркелетінін жеткізді. Өкінішке қарай, жыл сайын 600-ден астам әйел осы ауру түріне қайтыс болады, деп жалғастырды ол.

"Бүгінде адам папиллома вирусын жұқтырмаудың және жатыр мойны обырының алдын алудың жалғыз әдісі – вакцинация. 135 ел адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияның тиімділігін ескере отырып, бұл вакцинаны ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізді. Оның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттері бар",-деді ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
19 шілде 2024 ж. 383 0

Сенбідегі серпіліс

25 қараша 2025 ж. 112

Үйірменің үйретері көп

25 қараша 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930