Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыркүйектен бастап 11 жастағы қыздарға вакцина егу науқаны басталады

Қыркүйектен бастап 11 жастағы қыздарға вакцина егу науқаны басталады

Фото: © AFP 2024 / GABRIEL BOUYS
Қыркүйек айында қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы міндетті вакцинациялау басталады. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жатыр мойны обырын жоюға бағытталған Қазақстанның көшбасшы әйелдерінің дөңгелек үстелін ашу барысында айтты.
"Вакцинациялау 11 жастағы қыздарға 6 ай аралықпен екі рет жасалады. Бүгін вакцина сатып алынды. Қаржы үкімет резервінен бөлінді. Ол тегін жүргізіледі", - деді министр.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, оның 600-і өлімге әкеледі.
ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі Скендер Сыланың айтуынша, ұйым 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі қыздардың 90%-ын жоспарлы АПВ-ға қарсы вакцинациялауды ұсынып отыр.
"Бұл оңай шаруа емес. Бірақ бізде басқа елдердің сәтті мысалдары бар, әсіресе Аустралияның тәжірибесін атап өткім келеді, онда вакцинациялаудың арқасында жатыр мойны обырының жаңа жағдайлары анықталған жоқ", - дейді ДДҰ өкілі.

Қазақстан биыл АПВ-ға қарсы иммундау бағдарламасы жоспарлы негізде енгізілген әлемнің 135 елінің қатарына енді.
07 маусым 2024 ж. 594 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 116

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 107

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30