Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылшаға қарсы қосымша 500 мың доза вакцина сатып алынды – ДСМ

Қызылшаға қарсы қосымша 500 мың доза вакцина сатып алынды – ДСМ

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зауре Ахметова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қызылшаға қарсы вакцина жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында мынадай профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі: қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау және 30 жасқа дейінгі вакцинацияланбаған байланысушы адамдарды ошақтарда вакцинациялау (8,5 мың адам) жалғасып жатыр. Алдын алудың жалғыз тиімді шарасы вакцинация болып табылатынын ескере отырып, қызылшаның одан әрі таралуын болдырмау үшін 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға қосымша жаппай вакцинация енгізілді. Бұдан басқа, биыл қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты қызылшаға қарсы екпе алған балаларды қоспағанда, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ бұрын екпе алмаған медицина қызметкерлері қосымша жаппай иммундауға жатады. Желтоқсан айынан бастап 2 жастан 4 жасқа дейінгі балаларды қосымша жаппай иммундауды жандандыру және 6 айға толған балаларды қосымша иммундауды одан әрі жалғастыру жоспарлануда», - деді ол.

Ол атағандай, республикада қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинаның 370 мыңға жуық дозасы бар.

«Қызылша бойынша қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы 500 мың доза көлемінде қосымша вакцина сатып алынды, оны жеткізу қараша айының екінші онкүнідігінде күтіледі. Бұл вакцина тиісті контингенттерді қосымша жаппай иммундауды белсенді түрде жалғастыруға мүмкіндік береді. Вакцинация үшін «Serum Institute of India» шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы аралас вакцина қолданылады. Бұл вакцинаны өндіруде өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін ДДҰ-ның алдын ала біліктілігі бар», - деді Ахметова.
10 қараша 2023 ж. 241 0

Сазгер кеші

01 маусым 2025 ж. 111

Шегіртке шепті бұза ма?

31 мамыр 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30