Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 3 576 жетім бала баспаналы болды: Тағы 59 мың бала пәтер кезегінде тұр

Биыл 3 576 жетім бала баспаналы болды: Тағы 59 мың бала пәтер кезегінде тұр

Фото: pixabay.com
Қазақстанда 2026 жылы 3 576 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала пәтер алды. Қазіргі уақытта тағы 59 мың бала баспана кезегінде тұр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Құрылтайдағы Үкімет сағатында баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Баланың отбасында тәрбиелену және әлеуметтік қорғалу құқығын қамтамасыз етуге арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасында 28 іс-шара қарастырылған. Оның 8-ін 2026 жылы, ал 5 шараны жыл сайын іске асыру жоспарланған, - деді министр.
Оның сөзінше, 2026 жылы 3 576 жетім бала пәтер алды, тағы 59 мың бала кезекте тұр. 
Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры 120-дан астам бағдарлама мен жобаны қолдап, балалар мен отбасыларға әлеуметтік көмектің 49 түрін көрсетіп келеді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істеу үшін 616 маман даярланған.
Балаларды әлеуметтік қолдау бағытында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республика бойынша 1-4 сынып оқушыларының 1,7 миллионы, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Бұдан бөлек, Жалпыға міндетті білім беру қоры арқылы 421 380 оқушыға 22 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді.
16 қараша 2026 ж. 21 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30