Балалықтың бақыт мекені
Қазалы ауданында №7 «Балдырған» санаториялық бөбекжай-балабақшасының» өзгелерден ерекшелігі бұнда балаларды өкпе ауруына қарсы емдеу, олардың бойындағы туберкулез талшықтарын жою және оның алдын алу шараларымен бірге тәрбие жұмыстарын жүргізеді. 1986 жылдың қазан айында ашылған балабақшаны ең алғаш 1986 – 2013 жылдар аралығында Бағымкүл Бисембай басқарды.
Алғашқы кезде балабақшада екі топ жұмыс жасады. 1995-1998 жылдарда оңтайландыру кезінде халықаралық «Аралды құтқару» қорынан 2 миллион теңге қаражат бөлініп, 4 топ жұмыс жасады. 1999 жылдан бастап жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, 6 топқа көбейді. Әр жылдары балабақшаға Гүлсім Әліпбаева, Жанат Көланова басқарды. Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Бірлескен Бұйрығына» сәйкес балабақша әлсіреген, жиі және ұзақ ауыратын, аймақтық дәрігерде әр түрлі диагнозбен “Д” есепте тұратын балалар, яғни анемия өкпе-тыныс алу жолдарының, жүрек-қан тамыр жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының, эндокриндік жүйенің, аллергиялық және бүйрек-зәр шығару жолдарының ауруларымен есепте тұратын мектеп жасына дейінгі бір жастан алты жастағы балаларға арналған емдеу-алдын алу, сауықтыру жұмыстарын жүргізеді. Балаларға бес мезгіл тамақ беріледі. Балабақша басшысы Эльмира Нұрмағанбетова балалардың жан-жақты, өнерлі, білімді болып өсуіне ерекше мән береді. Балалықтың бақыт мекеніне айналған балабақшада «Бөбек», «Бүлдіршін» кіші, «Құлыншақ», «Алтын кілт» ортаңғы, «Күншуақ» ересек және «Балдәурен» мектепалды даярлық топтарында бүлдіршін тәрбиеленеді. Балабақшада 20 педагог кадр және 27 техникалық қызметкер жұмыс жасайды. Оның жоғары білімді 14-і жоғары, 6-уы арнаулы орта білімді. Педагогтердің 3-уі жоғары,1-уі І, 4-уі ІІ санатты. Қазіргі таңда балабақша жаңа инновациялық бағыт бойынша жұмыс жасауда.
Балабақша әдіскері Клара Серікбаева «Үздік ата-аналармен консультативтік пункт» атты байқаудың аудандық және облыстық кезеңінен де жеңімпазы атанды. Тәрбиеші Әсел Мамбетова «Үздік жоба – 2022» аудандық байқауынан екінші орын алды. Айгүл Душанова «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ана сұлу көрінер қызыменен» атты байқауда І, Педагогикалық идеялар алаңы» байқауынан І, «Қызыққа толы сәттер» республикалық байқауының аудандық кезеңінде І, облыстық кезеңінде ІІ орын иемденді. Гүлсім Ерназар аудандық «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі» бағытында педагогикалық оқудан ІІ, Гүлмира Беденова «Балаларға базарлық» атты республикалық байқаудың аудандық кезеңінен І, Зухра Изенова «Достық бекеті» облыстық бейнеролик байқауында ІІ орын алды. Тәрбиеленушісі Расул Мухинадин. Мектепке дейінгі ұйымдар арасында ұйымдастырылған «Қызыққа толы сәттер» республикалық байқауының облыстық кезеңінде №7 «Балдырған» санаториялық бөбекжай-балабақшасы ІІ орынмен марапатталды. Облыстық оқу орталығының жоспарына сәйкес балабақша педагогтерімен «Театр әлеміндегі ғажайыптар» тақырыбында облыстық вебинар болып өтті. Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, арнайы сертификатқа ие болды.
Балабақша тәрбиеленушілері түрлі байқауларға қатысып, жоғары жетістіктерге жетіп жүр. Айсұлтан Кеңес, Аршат Жәнібекқызы республикалық «Абай оқулары» шығармашылық байқауында «Мәнерлеп оқу» бойынша бірінші орын, Әлинұр Абай «Мың бала» республикалық зияткерлік орталығының «Абай оқулары» шығармашылық байқауында бас жүлде иеленді. Бүлдіршіндерді шығармашылыққа баулыған жетекшісі Зухра Изенова.
Абай Нұраш «Менің елім – Қазақстан» патриоттық әндер республикалық фестивалінің ән айтудан «Үздік орындаушы» номинациясы бойынша облыстық кезеңінен 3 орын алды. Әнші балақайдың жетекшісі Роза Маратқызы. «Құлыншақ» ересек топ балалары «Барлығына рақмет!» республикалық челленджінен ІІІ орын мен арнайы Диплом иеленді. Өнерлі балалардың жетекшісі ізденімпаз тәрбиеші Әсел Мамбетова.
Зиннұр Болат «Әкем – асқар тауым» республикалық байқауының облыстық және республикалық кезеңінен екінші орын алды. Жетекшісі Мирамкүл Үмертаева. Дінмұхаммед Болат, Әлинұр Бекболат, Бекзат Ерболұлы, Расул Төлеш, Зиннұр Болат «Ханталапай» республикалық ұлттық ойындар байқауының облыстық кезеңінен «Тапқырлар мен ептілер» номинациясымен марапатталды. Балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде күш салған ұстазы Мөлдір Тлеубергенова.
– «Бала естігенің айтады, көргенін істейді» – деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелеудің маңызы зор. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім-тәрбие алатын ең алғашқы ошағы болып есептеледі. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт-дәстүр, мақал-мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата-ана мен тәрбиешілердің басты міндеті деп ойлаймын. Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын түсіне білетін психолог. Бұл ретте әріптестерімнің еңбегі орасан зор. Әр баланың тұлға болып қалыптасуына аянбай күш салып жүрген әр қызметкердің түпкі мақсаты – балдырғандық балапандарды адам баласына тән асыл қасиеттерге, адамгершілікке тәрбиелеу, – дейді бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Эльмира Нұрмағанбетова.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА