Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай компаниялары еліміздің су саласын цифрландыруға атсалыспақ

Қытай компаниялары еліміздің су саласын цифрландыруға атсалыспақ

Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бірқатар қытайлық ірі компаниялармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазинформ.


Министр ең алдымен Қытай азаматтық инженерлік-құрылыс корпорациясының вице-президенті Цзян Игаомен кездесті. Компания Қазақстанда 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Қытай азаматтық инженерлік-құрылыс корпорациясың Жамбыл облысындағы ирригациялық арналарды, дренаж жүйелері мен құрылыстарды реконструкциялауды қоса алғанда, ауқымды 5 жобаны іске асырып жатыр.
Тараптар суару жүйелерін цифрландыру және осы бағыттағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Қытай азаматтық инженерлік-құрылыс корпорациясының өкілдері Қазақстанның су саласын цифрландыру және автоматтандыру бойынша жаңа жобаларға қызығушылық танытты.
«Цифрлық технологиялар дақыл түрлеріне, климатқа және аумаққа байланысты суды дәл және уақтылы бөлуді қамтамасыз ете отырып, су ресурстарын басқарудың тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Бірлескен күш–жігер, ресурстар мен тәжірибені пайдалана отырып алдымызда тұрған мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін», - деді Нұржан Нұржігітов.
Одан кейін министр CITIC Gonstruction компаниясының президенті Цзяньцян Янмен кездесіп, су үнемдеу технологияларын енгізу мәселесін талқылады. Қытайлық кәсіпкерлер Қазақстанда су үнемдеу жүйелерін шығаруға дайын екендіктерін білдірді.
Нұржан Нұржігітов өз кезегінде жаңа су қоймаларын салу және қолданыстағы су қоймаларын реконструкциялау, сондай-ақ Алматы мен Жетісу облыстарындағы суару жүйелерін жаңғырту жөніндегі министрліктің жоспарлары туралы айтып берді.
Сондай-ақ, министр Power China компаниясының президенті Тань Сяофэнмен кездесті. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Power China қазақстандық су шаруашылығы мамандарын Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өтеді деп келісті.
Сонымен қатар, Нұржан Нұржігітов қытайлық компанияға «Қазсушар» кәсіпорнымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюды ұсынды. Power China басшылығы болса жаңа су қоймаларының құрылысына қатысуға ниет білдірді. Бұл мәселені егжей-тегжейлі талқылау алдағы уақытта жұмыс тобы деңгейінде жалғасады.
«Power China Қазақстанда бұрыннан табысты жұмыс істеп келеді. Компания біздің елімізде бірнеше ауқымды жобаны жүзеге асырды, сондықтан біз өзара тиімді ынтымақтастыққа ниеттіміз. Бұл біздің бірлескен жобаларымызды ғылыми сүйемелдеуді тиімдірек етеді», - деді Нұржан Нұржігітов.
Министрдің China Energy International Group компаниясының басқарма төрағасы Лю Цзэсянмен кездесуінде Қазақстанның су қоймаларында су электр станцияларының құрылысы талқыланды. Қытайлық кәсіпкерлер аталған жобаға қызығушылық танытты. Тараптар бұл мәселені толығырақ талқылауға келісті.
China Energy International Group өкілдері Қазақстанның су саласын цифрландыру және автоматтандыру жобаларына қатысуға ниет білдірді. Сонымен қатар, қытайлық компания елімізде ағынды суларды тазарту қондырғыларын орнатуға дайын.
05 шілде 2024 ж. 194 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 72

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930