Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ тілі моделін жасауға 3 млрд теңге бөлінбек

Қазақ тілі моделін жасауға 3 млрд теңге бөлінбек

Фото:pexels.com
Ғылым және жоғары білім министрлігі дербес тіл моделін әзірлеу бағытында қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

«Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Назарбаев Университеті» Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтын толыққанды зерттеу институтына трансформациялау жөніндегі тапсырма аясында келесіні хабарлайды. Министрлік жасанды интеллектіні дамытуға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы автономды ұйымдардың қатысуымен («Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ, «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты», «Әл-Фараби атындағы Назарбаев Университеті» КеАҚ, «Институт Ақпараттық және есептеу технологиялары» ОМК ШЖҚ) консорциумдар базасында жүзеге асыруды көздеп отыр», - деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомство мәліметінше, биыл сәуірде Жоғары ғылыми-техникалық комиссияда бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылуы бойынша 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық тапсырмаларына қатысты мәселелері қаралды.

«Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында «Қазақстан Республикасында қазақ тілін мемлекеттік тіл және мәдениетаралық қарым-қатынас тілі ретінде қолдауға жәрдемдесетін қазіргі заманғы үлкен тілдік модельді (LLM) құру, технологияны дамыту, деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беруді дамыту және ғылыми зерттеулерді жетілдіру» бағдарламасы бойынша консорциумдар базасында конкурс жарияланады деп күтіледі. Осы конкурсқа Назарбаев Университеті де қатыса алады. Аталған бағдарламаны іске асыру үшін 3 жылға 3 млрд 92 млн теңге (2024 жылға - 1 млрд 92 млн, 2025 жылға - 800 млн, 2026 жылға - 1 млрд 200 млн теңге) көлемінде қаражат бөлу жоспарланып отыр. Бөлінген қаражат ЖИ-ге жұмсалады деп көзделген», - деді министрліктен.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қазақ тілі моделін жасау жұмысы қолға алынғанын айтқан болатын.
21 маусым 2024 ж. 148 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 270

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031