Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » М.Әуезов атындағы жоғары оқу орнына зерттеу университеті мәртебесі беріледі

М.Әуезов атындағы жоғары оқу орнына зерттеу университеті мәртебесі беріледі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілуі мүмкін. "Ашық" НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында осындай ұсыныс жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесі берілсін.
Оқу орнын зерттеу университетіне айналдыру және ЖОО-да жаңа инновациялық зерттеу экожүйесін құру ғылыми-зерттеу қызметін қарқындатуды және дамытуды, басым даму бағыттарын кадрлық қамтамасыз етуді және университеттің ғылыми-білім беру қызметін инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді түбегейлі өзгертуді қажет етеді.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, сапалы білім беру "Білімді ұлт" ұлттық жобасының, Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының, "Цифрландыру, ғылым және инновация есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасының және басқа да бағдарламалық құжаттардың басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылатын болады", - деп көрсетілген Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған жағдайды талдау құжатында.
Оқу орнына зерттеу мәртебесін беру негізінде онда халықаралық еңбек нарығының талаптарына сай келетін қос дипломды білім бағдарламасы әзірленеді.
21 қараша 2022 ж. 1 114 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 155

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 108

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031