Жазғы каникул: баланы кітап оқуға қалай қызықтыруға болады?
ФОТО
Оқушыларда жазғы каникул басталды. Гаджеттердің дамыған заманында каникулда балаға кітап оқыту қиын. Оған қоса, барлық бала бірдей кітап оқығанды жақсы көрмейді. Кітап оқудың ересектер үшін де, балалар үшін де пайдасы мол. Ендеше, баланың кітап оқуға деген қызығушылығын қалай оятуға болады? Кітап насихаттаушы блогер Назым Сапарова бірнеше пайдалы кеңес ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Кітап насихаттаушы блогер Назым Сапарова баланың кітап оқуға қызығушылығын ояту үшін төмендегідей кеңестер ұсынды:
Мүмкіндік болса, кітаптар сөресі болғаны жақсы. Бұрынғы кезде кітап өте құнды нәрселердің бірі болды, сондықтан оларды шкафтардың үстіне қоятын. Ал қазір жағдай басқаша, сондықтан кітаптарды баланың қолы оңай жететін жерге қойған дұрыс.
Бала жаныңызға отырып, кітапқа қызыға бастағанда оны оған бірден бере салып, қорқытып алмаңыз. Аз-аздан бастаңыз. Мысалы, қандай да бір кейіпкердің сөзін оған оқытып, қалғанын өзіңіз жалғастырыңыз.
Егер бұл әдіс көмектеспесе, нақты ереже қою керек болады:
Кітап оқып болғаннан кейін балаға сұрақтар қойыңыз: кім не істеді, қай жері ұнады, не ұнамады және т.б. Бұл сұрақтар баланы жалықтырып жібермеуі керек.
Оқушыларда жазғы каникул басталды. Гаджеттердің дамыған заманында каникулда балаға кітап оқыту қиын. Оған қоса, барлық бала бірдей кітап оқығанды жақсы көрмейді. Кітап оқудың ересектер үшін де, балалар үшін де пайдасы мол. Ендеше, баланың кітап оқуға деген қызығушылығын қалай оятуға болады? Кітап насихаттаушы блогер Назым Сапарова бірнеше пайдалы кеңес ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Балаға үлгі - ата-ана
Ол баланың кітапқа деген қызығушылығын арттыру үшін алдымен ата-ана өздері кітап оқу керегін айтты."Өзіміз баланың көзінше телефон қарамай, кітап оқуға тырыссақ, бала сол көріністі қайталай бастайды. Ол тіпті, әлі кішкентай болса да, қолына кітап ұстайды, парақтайды, суреттерін қарайды", - деді Назым Сапарова.
Баланың жасына сай кітап таңдау
Балаға кітапты өз жасына сай таңдау маңызды. Мысалы, 1 жасқа толмаған балаларға арналған, жұмсақ және ауызға салуға болатын материалдан жасалған кітаптар болады. Кішкентай балаларға арналған кітаптар әдетте әртүрлі түсті және үлкен суреттері бар болады. Ал бала өскенде кітап таңдауға онымен бірге баруға болады. Себебі балаға нәтиже емес, процесс ұнайды. Оған қоса, өзіне ұнаған кітапты таңдағандықтан, балада кітап оқуға мотивация да болады.Отбасылық дәстүр ойлап табу
"Мысалы, біздің ұйықтар алдында ертегі оқитын рәсіміміз бар. Біздің балаға ертегі оқып беруіміз бірте-бірте дәстүрге айналып, баланың балалық шағындағы әдемі естелігі болады деп үміттенемін", - деді блогер.
Кітаптардың әрдайым баланың көз алдында тұруын қадағалау
Кітаптардың әрдайым баланың көз алдында тұруын қадағалау
"Мысалы, қазір баламның жеке кітапханасында 100-ден астам кітап бар. Оның ішінде әртүрлі категориядағы ктіаптар бар: бастауышта және жасөсіпірім кезде де оқитын кітаптар бар. Шыны керек, оларды өзіміз де оқып жатырмыз. Мысалы, мен "Хәрри Поттерді", жолдасым "Матильда", "Чарли және шоколад фабрикасын" оқыды. Біз алдымен өзіміз оқып алып, баланың әлемін түсінсек, оны қызықтыру, оның тілін табу оңай болады деп ойлаймын. Сондай-ақ бұл кейін бір-біріміздің әлемімізге түсіністікпен қарай алатындай деңгейде болуымызға ықпал етеді деп санаймын", - деп қорытындылады Назым.
Жазғы каникулда балаға қалай кітап оқытуға болады?
Ең алдымен баланы кітап оқуға "мәжбүрлеуге" болмайды, оны бұл процеске қызықтыру керегін түсініңіз. Бала қырсығуы немесе бас тартуы мүмкін екеніне дайын болыңыз. Баланы мәжбүрлеудің орнына кітап ашып, өзіңіз дауыстап оқып бастаңыз. Кітапты эмоциямен оқу маңызды. Сахнада ойнап тұрғандай оқыңыз: дауыс пен ым-ишараны барынша пайдаланыңыз. Кітаптағы оқиға желісіне қарай, біресе қуанышты, біресе мұңды дауыспен, біресе қатты, біресе сыбырлап оқыңыз. Бала кітаптағы оқиға сізге қатты қызық екенін көруі керек. Бала кейін сіз кітап оқып отырғанда жаныңызға отыратын болады.Егер бұл әдіс көмектеспесе, нақты ереже қою керек болады:
- "Күнде 15-20 минут кітап оқисың" (міндетті трде таймер қоясыз);
- "Күнде бір абзац немесе бір бет оқисың" (қай жерден бастап қай жерге дейін оқу керегін белгілеп бересіз);
Кітап оқып болғаннан кейін балаға сұрақтар қойыңыз: кім не істеді, қай жері ұнады, не ұнамады және т.б. Бұл сұрақтар баланы жалықтырып жібермеуі керек.