Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаға кітап оқуды қалай үйретуге болады?

Балаға кітап оқуды қалай үйретуге болады?

Ата-бабаларымыз «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі» деп текке айтпаса керек. Кітап арқылы адамзат ақыл-ойының, інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Кітап оқу ой-өрісімізді кеңейтеді, ойлауға, дұрыс сөйлеуге, есте сақтау мен қатар қиялды дамытады. Атақты адамдардың кітап оқу туралы айтқан ойлары мен көзқарастары қаншама. Олардың барлығы да кітап және оқудың маңыздылығын мойындап отыр. Баланың дүниетанымы кеңейе түседі, ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, өзін және басқаларды тануға ықпал етеді.
Бала әліпбиді үйренгенге дейін кітапты танып, жақсы көруі үшін, оның жанында сол кітапты оқып беретін ата-анасы табылуы тиіс, ең дұрысы – баламен бірге оқитын ата-ананың болуы. Кітапты отбасы болып оқу, баланың сөйлеу жүйесі мен сауаттылығын арттырады. Жалпы алғанда оның мектептегі барлық пәндер бойынша үлгірімінің жоғары болуына ықпал етеді.
Егер 4-5 жасар балаға ата-анасы күн сайын 30 минут кітап оқып беретін болса, онда олар өз құрдастарынан дамуы жағынан 12 айға озады екен. Егер аптасына 3-5 рет кітап оқитын болса, бұл бала өз құрдастарынан 6 айға озып кетуіне ықпал етеді екен. Дарынды педагог В.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Бала – отбасының айнасы, су тамшысында күннің көзі қалай көрінетін болса, балалардың бойына ата-анасының адамгершілік таза сезімдері де, дәл осылай көрініс табады».
Бала жастан кітап оқу, тыңдай білу және сөйлеу, талдау және талқылау, жағдайға сыни көзқараспен қарау және дербес шешім қабылдауды әдетке айналдырған мектеп оқушылары сауатты сөйлей алады. Оларды есте сақтау қабілеттері және ой-қиялдары тамаша дамыған. Баланың оқуға деген қабілетін ашатын, ізденімпаз кезеңін жіберіп алмаңыздар. Өзіңіз де кітап оқыңыз, балаларыңызбен бірге оқыңыз,.Бұл талабыңыз жүз есе ақталып шығады. Баланы кітап оқу кезінде, төменде ұсынылып отырған тәжірибелік нұсқауларды жадыңызда ұстай жүрулеріңізді сұраймыз.
Кітап оқу үдерісін ойын, қуанышты оқиғаға айналдырыңыз. Кітап оқу баланы жазалауға айналып кетпесін. Қолыңыз бос болмай тұрса да, балаңыз кітап оқып беруді өтінген өтінішін аяқсыз қалдырмаңыз. Отбасылық оқулар ұйымдастырыңыз, оқылған деректер бойынша пікірлесуді әдетке айналдырыңыз. Өз балаңыздың пайымдау қабілетін кітап материалдары арқылы дамытуға тырысыңыз. Балаға мектепке бармай тұрғанда да, мектепке барғаннан кейінде дауыстап кітап оқып беруден жалықпаңыз.
Бір жарым-екі жастағы балалар кітапқа 1-2 минут көңіл аудара алады, одан ересек балалар 15-20 минут көңіл бөлуі мүмкін. Үйде кітапханаңыз болсын. Оны баламен бірге толықтырыңыз. Баламен бірге кітапханаға барып тұрыңыз.
Кітап оқитын бала бүгін – табысты оқушы, ал ертеңгі қалыптасқан тұлға. Ата-ананың балаға сыйлай алатын тамаша сыйы- олардың кітап оқуға деген құмарлықтарын арттыру болып табылады. Дана халқымыз «Батыр бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп бекер айтылмаған. Осы орайда келешек жас ұрпақты Отанын, елін, жерін, туған тілін сүюге, тәрбиелеп жатқан кітап пен кітапханашылардың келелі істері орасан зор. Жүсіп Баласағұн бабамыз: «Екі кісіліктің ұстасы, Бірі шәкірт, екіншісі - ұстазы» деген екен.
Оқырман – шәкірт, кітапханашы – ұстаз болып байланыста болу осының айғағы. Баршаңызды кітап оқуға шақырамын. Қазіргі таңда балаларды кітап оқу дағдысын қалыптастыру, туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу, салауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы әрбір білім беру ұйымдарында іске асыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Әзима ӘБДІКӘРІМ,
№98 орта мектеп кітапханашысы
15 қараша 2022 ж. 634 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930