Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Украина мен Молдова ЕуроОдаққа кіруі мүмкін

Украина мен Молдова ЕуроОдаққа кіруі мүмкін

Фото: president.gov.ua
Еурокомиссия Украинаның ЕО-ға қосылуы бойынша келіссөздерді маусым айында бастауды ұсынады. Бұл туралы Meduza агенттігі хабарлады.

Басылым үш дереккөзге сілтеме жасап жазғандай, Еурокомиссия 7 маусымда Украина ЕО-ға кірудің барлық критерийлеріне сай келетінін жарияламақ.

Осылайша, Еурокомиссия Украинаға қолдау білдіргісі келеді және 1 шілдеде Еуроодақ төрағалығы Венгрияға өткенге дейін Киевпен ұсыныс, келіссөздерді бастауға асығуда. Ал, Венгрия венгр азшылығының құқықтары жағдайын алға тартып, келіссөздердің басталуына қарсы болуы мүмкін екені айтылған.

Сонымен қатар, Еурокомиссия ЕО-ға кіру туралы келіссөздерді жақында наразылық тудырған «шетел агенттері» туралы заң қабылдаған Грузиямен емес, Молдовамен бастауды ұсынады.

Басылымның дереккөздерінің хабарлауынша, қазір ЕО-ға төрағалық ететін Бельгия келіссөздердің бірінші кезеңін 25 маусымда өткізгісі келеді.

Айта кетейік, 2022 жылы Ресейдің жаппай басып кіруі басталғаннан кейін Украина Еуропалық одаққа кіруге өтініш берді. Бір жарым жыл ішінде ел Еуроодаққа кандидат мәртебесін алып, Еуропа елдеріне қосылу туралы келіссөздерді бастауға келіскен.
07 маусым 2024 ж. 255 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930