Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың Еуропаға саяхаты қымбаттай түсуі мүмкін

Қазақстандықтардың Еуропаға саяхаты қымбаттай түсуі мүмкін

Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
Еуропалық Одаққа мүше емес елдердің азаматтары үшін Шенген визалары қымбаттауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Еурокомиссия визалық алымды 12 пайызға арттыруды мәселесін қозғады. Егер Еуроодақтың барлық мүшесі бұл бастаманы қолдаса, жаңашылдық биыл күшіне енеді.
Комиссия ұсынысына сәйкес, визаның құны 80 еуродан 90 еуроға, ал балаларға 40 еуродан 45 еуроға көтеріледі. Еуроодақпен ынтымақтастық орнатпаған елдер өз азаматтарын депортациялаған кезде немесе визалық режимді сақтау мәселесінде виза тарифтерінің қымбаттауы тәрізді қиындыққа тап болуы мүмкін.
Жалпы Еурокомиссия виза алымдарының бағасын әр үш жыл сайын жаңартып отырады. Соңғы өзгерістер 2020 жылы болды.
Сонымен қатар Еуроодақ цифрлық Шенген визасын іске қосуды жоспарлап отыр. Комиссия 2022 жылы оны әзірлеу жұмыстарына кірісіп кеткен.

Туристер визаны қай елге баратынына қарамастан онлайн режимінде ала алады. Бұл төлқұжат жасаудағы қағазбастылықтан арылып, электрондық форматқа өтуге мүмкіндік береді. Еурокомиссия мәліметінше, цифрлық жүйе 2028 жылы енгізілуі мүмкін.
09 ақпан 2024 ж. 6 467 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 116

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 107

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30