Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда түнгі ауысымда жұмыс жасайтын кітапхана өз жұмысын бастады

Ауданда түнгі ауысымда жұмыс жасайтын кітапхана өз жұмысын бастады


Қазалы аудандық орталық кітапхананың қызметкерлері енді оқырмандарға түнгі 24 - 00-ге дейін кітап алып оқуға қызмет ететін болады. Бұл бастаманың негізгі мақсаты: Кітап оқуды насихаттаудың заманауи әдісі әрі еліміздегі кітапханалар ахуалы мен көркем әдебиеттерге деген оқырманның қызығушылығын арттыру, қоғам назарын кітапқа аудару. Бұл әрине біздің ауданымызда алғаш рет қолға алынуда.

Түнгі ауысымдағы кітапхананың алғашқы жұмысына аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов пен бірқатар бөлім басшылары арнайы барып, жаңа әрі тың бастамаға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ «Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар – білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені» - деп Мемлекет басшысының сөзін тілге тиек еткен Дәурен Оңғарбайұлы, бұл бастама оқырмандар үшін, әсіресе кітапсүйер жастар үшін жаңа серпін беретінін атап өтті.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
07 маусым 2024 ж. 629 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 116

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 107

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30