Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі орталық кітапхана жұмысымен танысты

Аудан әкімі орталық кітапхана жұмысымен танысты

Кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор. Білімсіз қоғам ешқашан да өрге басқан емес. Сондықтан да аудан тұрғындары үшін орталық кітапхананың орны ерекше.
Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандық кітапханаға арнайы ат басын бұрып, рухани қазыналар мекенінің жұмысымен танысты.
Индира Назарова басшылық жасайтын орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 600 мыңға жуық кітап қоры бар.
Кітапханаларды заманауи білім беру орталықтарына айналдыру мақсатында аудандық орталық кітапхана, №1 қалалық кітапхана, №5 кенттік кітапханада коворкинг орталықтары ашылған. Бұл жерде жыл ішінде түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Жанқожа батыр және Жанкент ауылдық кітапханаларында «Ауылдық онлайн орталықтары» жобасы аясында онлайн орталықтар жұмыс істейді.
Онлайн орталықтар ауыл тұрғындарын компьютерлік сауаттылыққа үйретіп, мемлекеттік электронды қызметтерді пайдалану, құжаттарды электронды түрде жеткізу, виртуалды анықтамалық қызмет көрсету, электронды кітапханалардың қорларын пайдалану және интернет ресурстарға тегін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Биыл ұзақ жылдар бойы адал еңбегімен кітапхана саласының дамуына үлес қосып келе жатқан аудандық орталық кітапхана меңгерушісі Индира Назарова «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.
Ал, Айнұр Әбілтаева өзінің шығармашылығымен, ізденімпаздығымен «Рухани қазына-2021» онлайн фестивалінде «Үздік аудандық маңызы бар кітапхана қызметкері» атанды.
Кітапханалар жұмысымен танысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қызметкерлердің жұмысына сәттілік тіледі.


"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

16 маусым 2021 ж. 564 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930