Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтенше жағдайға әзірлік тексерілді

Төтенше жағдайға әзірлік тексерілді

Қызылорда қаласындағы Шымбай көшесінде орналасқан темір жол желісінің ғимаратында «Жер-2021» халықаралық командалық штабтық оқу-жаттығуының арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Тақырыбы – 2021 жылғы жер сілкінісі кезінде төтенше жағдайларды жою іс-қимылдарына азаматтық қорғау мемлекеттік кіші жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау.

Жер сілкінісі кезіндегі төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының әзірлігін тексеруді мақсат еткен.
Оқу-жаттығуға 15 құрылым, 75 адам, 25 техника қатыстырылды.
Сценарий бойынша дағдарыс жағдайларындағы басқару басқармасының телефонына республикалық штабтан Алматы облысы, Қарасай ауданында жер сілкінісі болғаны, оған төтенше жағдайды жоюға қосымша көмек қажеттігі туралы хабарлама түсті.

Осыған орай дағдарыс жағдайларындағы басқару басқармасының жедел кезекшісі жедел әрекет ететін қызметтерге жағдайды хабарлады. Одан соң авариялық-құтқару қызметтерді жинап, күш-құралдар нақтыланды. Техникаларды платформаға тиеп, жолаушыларды вагонға отырғызды. Департаменттің жедел тобы төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылған азаматтық қорғау қызметтерінің күш-құралдары туралы ақпаратты басшылыққа жолдады.
Оқу-жаттығуды облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев қорытындылады.
22 қыркүйек 2021 ж. 750 0

Үш облыста жол жабылды

06 қаңтар 2026 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031