Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқу-жаттығу ойдағыдай өтті

Оқу-жаттығу ойдағыдай өтті

Қазалы ауданында «Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде. Оқу жаттығу жиынына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің арнайы жұмыс тобының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Бекзат Кенжебаев пен аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков арнайы қатысты.
Оқу жаттығулар көктемгі кезеңдегі су тасқынының алдын алу, оларды жою іс-шараларын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды. Жаттығу барысында жасақ жетекшілерінің өзіне жүктелген функционалдық міндеттері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді.
«Көктем-2023» оқу-жаттығу аясында төтенше жағдайларды жою бойынша іс-әрекеттерді пысықтауға арнайы-тактикалық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құрамаларымен практикалық әрекеттер өткізілді.
Негізгі іс-шаралар «Шағала» балаларды сауықтандыру орталығының жолында, Абай ауылына баратын жол бойында және Қарлан учаскесіндегі су тасқынының алдын алу бағытында жүргізілді. Айта кетейік, оқу-жаттығуға барлығы 74 техника мен 200-ден астам адам жұмылдырылды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
04 наурыз 2023 ж. 521 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30