Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Зымыран-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

«Зымыран-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкіметтерінің арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру кезінде авариялар туындаған жағдайда өзара іс-қимыл тәртібі туралы 1999 жылғы 18 қарашадағы келісімі және Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлығын пысықтау мақсатында «Зымыран-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында ауданымызда 2023 жылдың 2 қараша күні ауданның азаматтық қорғаудың мемлекеттік органдарының күштері мен құралдарының даярлығына саптық қарау шарасы өткізілді.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ш.Ермекбаев азаматтық қорғау қызметінің күштері мен құралдарын сапқа тұрғызып, аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаевқа оқу жаттығуға дайын екендігін баяндады.
Саптық қарау барысында азаматтық қорғау қызметтерінің жетекшілерінен өз міндеттері сұралды.
Саптық қарауға ауданның азаматтық қорғау қызметтерінен барлығы 42 техника, 84 жеке құрам қатысты.
Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
02 қараша 2023 ж. 296 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930