Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылу желілері әбден тозған өңірлер аталды

Жылу желілері әбден тозған өңірлер аталды

фото: mediaunion.kz
6 облыста жылу желілері әбден тозған. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni.
Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес, жылу желілерінің жалпы ұзындығы – шамамен 13 мың шақырым.
Олардың орташа тозу деңгейі – 53%, шамамен 7 мың шақырым ауыстыруды қажет етеді. Жылу желілерінің жоғары тозу деңгейі – Павлодар (Екібастұз – 91%, Павлодар – 83%), Ақмола (Степногорск – 82%, Атбасар-76,5%), Солтүстік Қазақстан (Петропавл – 74%), Қостанай (Арқалық – 68%, Рудный – 68%), Маңғыстау (Ақтау – 71%) және Қарағанды (Теміртау – 67%) облыстарында, - деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, 2030 жылға дейін жылу желілерінің тозуын 43%-ға төмендету керек.
«Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін жыл сайын шамамен 350 шақырым жылу желісін жөндеу қажет. Қаржылық қажеттілік – жылына шамамен 250 млрд теңге. 2023 жылы барлық қаржыландыру көзі есебінен 336 шақырым жылу желісі жаңғыртылды (175 млрд теңге)», - деді министр.
Биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 221 шақырым жылу желісін жөндеу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа шамамен 128 млрд теңге қарастырылған:
  • республикалық бюджет есебінен 72,3 млрд теңге (126 шақырым);
  • жергілікті бюджеттен 39 млрд теңге;
  • табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары есебінен 17 млрд теңге (69 шақырым).
Қосымша 233 шақырым жылу желілерін жөндеуге 162 млрд теңгенің дайын жобалары бар. Оның ішінде 43 млрд теңге басталған 14 жобаны (27,3 шақырым) аяқтауға, 119 млрд теңге 70 жаңа жобаны (205,6 шақырым)  іске асыруға жұмсалады. Сондай-ақ Қаржы министрлігімен бірлесіп, Ұлытау облысы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Үкімет резервінен қаражат бөлу мәселесі (41 млрд теңге – 60,4 шақырым) пысықталып жатыр, - деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар министрлік жылу желілерінің тозу деңгейі өте жоғары (65%-дан 91%-ға дейін) «қызыл аймаққа» жатқызылатын 12 қаланы анықтаған:
Павлодар облысы:
  • Екібастұз – 91%;
  • Павлодар – 83%.
Ақмола облысы:
  • Степногорск – 82%;
  • Атбасар – 76,5%.
Солтүстік Қазақстан облысы:
  • Петропавл – 74%.
Маңғыстау облысы:
  • Ақтау – 71%.
Қостанай облысы:
  • Арқалық – 68%;
  • Рудный – 68%.
Абай облысы:
  • Семей – 68%.
Қарағанды облысы:
  • Теміртау – 67%.
Түркістан облысы:
  • Кентау–65%.
Шығыс Қазақстан облысы:
  • Риддер – 59,5%.
«2023 жылдың қорытындысына сәйкес, осы қалалардағы жылу желілерінің орташа тозу деңгейі 73% болды», - деді Қанат Шарлапаев.
10 мамыр 2024 ж. 210 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 21

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930