Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 19 жылу орталық қызыл аймаққа енді - министрлік

Қазақстанда 19 жылу орталық қызыл аймаққа енді - министрлік

Еліміздегі 19 жылу орталығы тозған. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Энергетика министрінің м.а. Болат Ақшолақов айтты деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Елімізде электр тоғының апаттық жағдайда сөнуі жиі кездеседі. Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов бұл мәселенің негізгі себебі – электр орталықтарының тозуына байланысты дейді. Сондықтан қазіргі уақытта жылу орталықтарындағы тексеріс аяқталған.
“Біз бірінші тоқсанда техникалық аудитті бітірдік. Қазір нәтижелерін алып жатырмыз. Осы қорытынды бойынша 37 жылу орталығының 19-ы қызыл аймаққа кіріп отыр. 5 сәуірден бастап әр станцияға барып, жол картасын бекітеміз. Бұның себебі Екібастұздағы жағдай қайталанбас үшін келесі жылу маусымына дейін әзір болуымыз керек”, - деді ҚР Энергетика министрінің м.а. Болат Ақшолақов
Еске салайық, бұған дейін Премьер-Министрдің сенат депутаттарына берген жауабында тәуекел аймағына мына қалалардағы ЖЭО-лар кіреді:
Арқалық – 1, Кентау – 1, Қызылорда – 1, Орал – 1, Степногорск – 1, Теміртау – 2, Павлодар – 1, Ақтау – 1, Шахтинск – 1, Риддер – 1, Рудный - 1, Балқаш - 1, Жезқазған - 1, Өскемен - 1, Петропавл – 1, Семей – 1, Екібастұз – 1, Тараз – 1; сары тәуекел аймағындағылар: Алматы – 2, Павлодар – 1, Ақтау – 1, Қарағанды - 2, Текелі – 1, Шымкент – 1, Қостанай – 1, Атырау – 1; жасыл тәуекел аймағындағылар Алматы – 1, Орал – 1, Павлодар – 1, Астана – 1, Ақтөбе – 1, Астана – 1.
03 сәуір 2023 ж. 313 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 204

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 138

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031