Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жылу энергиясының тапшылығы артып келеді - депутат

Қазақстанда жылу энергиясының тапшылығы артып келеді - депутат

Қазақстанда жылу электр орталығы жабдықтарының орташа тозу деңгейі 66%-ға жетті. Бұл туралы сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдауда айтылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сенат депутаты Серік Шайдаровтың айтуынша, Қазақстандағы жылу энергиясын өндіру, тарату және жабдықтау саласы ескірген.

“Жыл сайын артып келе жатқан жылу электр орталығы жабдықтарының орташа тозу деңгейі 66%-ға жетті. Еліміздің әрбір екінші жылу электр орталығының тозуы 19-дан 37-ге теңесіп, орташа республикалық көрсеткіштен асып, жекелеген өңірлерде 92%-ды құрайды. Жылумен жабдықтау секторында да осындай жағдай қалыптасуда. Қазіргі уақытта 3 мың шақырымнан астам жылу желілерін ауыстыру қажет, яғни олардың жалпы ұзындығынан шамамен 30% (барлығы-12 мың км). Бұл ретте жылу желілерін жаңғырту жөніндегі жобаларды жеткіліксіз қаржыландыру үрдісі байқалады”, - деді сенат депутаты Серік Шайдаров.

Сонымен қатар сенатор жылу энергиясы тапшылығы күн санап артып келетінін айтты.

“Жылу энергиясының жеткіліксіздігі проблемасы артып келеді. Елорданы дамыту жөніндегі жақында өткен кеңес барысында мемлекет басшысы бұл мәселеге назар аударып, Астана қаласында жылу энергиясының тапшылығы 300 гигакалориядан асатынын атап өтті. Осындай проблема Жезқазған, Семей, Тараз, Павлодар сияқты қалаларға да тән. Барлық осы проблемалардың басты себептерінің бірі – ол олигополия және жылу мен электр энергетикасы кәсіпорындарының аффилиирленуі болып табылатынын атап өткім келеді”, - деді Серік Шайдаров.

Сенатордың сөзінше, жылу электр орталығының шамамен 60%-ы жекеменшікте. Олардың көпшілігі 1990 жылдары жекешелендіру барысында тым арзан бағамен сатып алынған. Ал, Қазақстанда 64% жылу энергиясын тек 5 компания өндіреді.
17 ақпан 2023 ж. 215 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930