«Саналы ұрпақ – ұлт болашағы»
Kyzylorda-news.kz «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында«Саналы ұрпақ» еріктілер клубы және «ОRDА» колледждің кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кітап көрмесі өтті. «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» деп аталатын көрмеге 1-курс студенттері қатысты.
Көрмемен танысу барысында білім алушылар заңдық талаптар, әр тұлғаның өзіне жүктелген құқықтық міндеттерді дұрыс орындау қажеттігі, Қазақстанның құқықтық даму жағдайы, азаматтардың құқықтық білім деңгейі, заң мен құқыққа деген құрмет жайында ақпараттар алды.
Заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады
Азаматтардың құқықтық мәдениеті заңдылық білімінің негізімен сиптталады, яғни құқыққа, заңға деген құрметі, саналы түрде құқық нормасын сақтау, әлеуметтік заңдылық жауапкерішілігін түсіну, құқық бұзушылыққа жол бермеумен, онымен күресуді білдіреді.
Олардың мемлекет және қоғам алдындағы жауапкершіліктері және құқықтары мен бостандықтары құқықтық мәдениеттің құрамдас бөлігі екенін түсінуі, құқықтық санасында мемлекет және оның органдары арқылы өз құқығының қорғалуына сенімділік сезімі қалыптасып, заңдылық мүдделерін қолдануға және мемлекеттің алдына қоятын міндеттерінің әділдігі және ол басқа азаматтармен құқықтық теңдігі, яғни ол басқа азаматтармен заң және сот алдындағы тең екендігіне сенуі. ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет.
Қоғамның талабына сай жастарды жан-жақты тәрбиелеу үрдісіндегі мемлекет алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – оқу-тәрбие жұмысының барлық құрылымында құқықтық білім беру мен тәрбиеге айрықша мән беріп, оны ұйымдастырудың тиімді жолдары мен тәсілдерін үнемі жетілдіру, жаңарған қоғамның саяси құқықтық сана сезімдерін қалыптастыру. Отбасы тәрбиесінде де әр ата-ана балаға құқықтық сауаттылықты үйретіп, тәртіпке бағыну керектігін қадағалағаны жөн. Сол кезде ғана болашақта бала шалыс баспай, келешегі жарық болары сөзсіз.
Аталған көрме Біздің еліміз саяси дамудың күрделі жолынан өтті, оның тамыры ғасырларға кетеді. Сондықтан көрме ежелгі дәуірден ХХІ ғасыр зерттеулеріне дейінгі еліміздің заңнамасын дамытуға тарихи экскурсия жасауға мүмкіндік берді.
Кітап көрмесіне «ОRDА» жоғары колледжі кітапхана қорындағы құқық саласына қатысты кітаптар, заңды құқықтық-нормативтік актілер мен оқулықтар қойылды, әдебиеттерге шолу жасалынды.
Қорлан САРЫ