Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешектің тұтқасын ұстайтын ұрпақты жан-жақты тәрбиелеп, олардың бойына ұлттық болмысымызға сай келетін құндылықтарды сіңіру кезек тәрбиелеу кезек күттірмейтін іс екені сөзсіз. Жас ұрпақтың бойына сол дүниелерді сіңіріп тәрбиелей алсақ, еліміздің болашағы солай айқын көрінбек. Сондықтан да біз мектепке дейінгі білім беру үдерісінде балаларға жастайынан ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды түрлі ойындар арқылы үйретіп, саналарына сіңруге тырысамыз.
Бұл сөзіме қазақ халқының ұлы ақыны, ғалым М.Жұмабаевтың: «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті» деген сөзі дәлел. Сондықтан да сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесінде қолданып, болашақ ұрпақтың бойына дарытуды күн тәртібінен түсірмегеніміз абзал.Құнды қасиеттері бар, рухани бай тұлғаны қалыптастыру сәби кезінен бастау алатыны белгілі. Балабақша қабырғасынан бастап, өз ұлтының ана тілін, Отанын, әдет-ғұрып, салт-дәстүр мен ұлттық әдебиетіміз дінін, ел мен жер ұғымының киелігін білу, тарихын, мәдениетін, ұлттық мінезді, тарихтың маңызын бойына сіңіріп өсіру – ең басты қағидамыз болып қалуы керек.
Әйгерім ӨТЕПБЕРГЕН,
№11 «Балапан» бөбекжай
балабақшасының тәрбиешісі