Chat GPT адамды алмастыра ала ма?
Жарық уақытымен жанатын, кірпіш телефонмен “құрт” ойынын ойнайтын, бірлік тауып агентке кіретін дәуір артта қалды. Бұрынғыдай шатырға шығып “әнтенді” ешкім бұрамайды. Айналдырған үш арнаны көріп, көк жәшікке ешкім телмірмейді. Қазір заман мүлдем бөлек. Саусақты шертіп, үйден шықпай-ақ тірлігін бітіріп отыр талайы. Жаһандану дәуірі. Жылдам хабар алып, тіпті біз атқарар жұмысты технология жасап беріп отыр. Жасанды интеллект дегені тағы бар. Қаузап көреміз бе?
Chat GPT деген термин пайда болды. Тіпті мұны көпшілік біле бермейді. Атауы да ыңғайсыз секілді ме қалай? Ал ол атқарып жатқан жұмыстың жүйесі қандай? Chat GPT – түрлі сұрақтарға жауап, кеңес беретін, күрделі тапсырмаларды орындай алатын чат-бот. Ол жыл басынан бері ең көп талқыланған жобаға айналды. Адамдар онымен сөйлесіп, түрлі тапсырма беріп, тіпті диплом жұмысын жаздырып көрген. Қызық па?
ChatGPT – американдық коммерциялық емес OpenAl компаниясының 2022 жылдың қараша айында таныстырған нейрондық желісі. Ол арқылы жасанды интеллектпен хат жазысып, кез келген сұрақ қоюға немесе тапсырма беруге болады.
“Бірінші GPT” 2019 жылы әзірленген еді. Ол жалған жаңалықтар жасауды білген. Бірақ көпшілік қолданысына шықпады, себебі, компанияның айтуынша, ол "тым кемшіліксіз болған". Дегенмен, сол жылы GPT-2 шықты. Үшінші GPT чат-боты 2020 жылы іске қосылды. 2022 жылы жарияланған ChatGPT чат-боты GPT-3.5 жүйесінде жұмыс істейді. Ал толыққанды GPT-4 2023 жылы шығарылады деп жоспарланған. Бұл чат-бот көлемді деректермен (570 гигабайт мәтін) жұмыс істеп үйретілген және автотолтыру сияқты келесі сөздің қандай болатынын болжай алады, бірақ масштабы одан да үлкен. Чат-бот қолданушының нұсқауларын дәлірек орындауы және жауаптарды генерациялау үшін оған “Адамның кері байланысымен оқытуды күшейту” (RLHF) деңгейі қолданылған. Соның арқасында Chat GPT жауаптарының стилі тірі адамның жауаптарына қатты ұқсайды екен.

Қолданбаның “қолынан” не келеді?
Chat GPT түрлі сұрақтарға жауап бере алады, кеңес береді. Ол эссе, өлең, ән, сценарий, хатқа жауап, тамақ рецептін жаза алады, оқу бағдарламасын құрастыра алады, бизнес жоспар жазып, күнді жоспарлауға көмектеседі, жылдың негізгі оқиғалары туралы айта алады, іздеген суретті тауып береді, бағдарлама кодын жаза алады немесе кодтағы қателерді табуға көмектеседі. Қызығы сол ол түрлі математикалық мысалдар мен теңдеулерді, физика және химия бойынша тапсырмаларды шығару жолын түсіндіре отырып, шешіп береді. Алайда құрастырушылардың өзі ChatGPT-дің барлық жауабы бірдей дұрыс болмауы мүмкін екенін ескертеді.
Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің студенті Александр Жданов ChatGPT-ге 15 сағатта диплом жұмысын жаздырып, оны 8 сағатта өңдеп, барлығы 23 сағатта дайындап, қорғап шыққан. Студент ол туралы Twitter-де айтып берді. Мәтіннің 82 пайызға түпнұсқа деп танылған. Комиссия студентке мәтіндегі тіл сәйкессіздігі мен ой тізбегінің дұрыс үйлеспегені үшін ескерту жасап, жұмысты “қанағаттанарлық” деп бағалаған. Кейін біреу ол жұмыстың ChatGPT-де жазылғаны туралы университетке шағымданған. Білім мекемесінің әкімшілігі тексеру жұмыстарын бастапты.
Ол қалай жұмыс жасайды?
ChatGPT чат-боты диалог түрінде жұмыс істейді. Интерфейсі мүмкіндігінше қарапайым, кәдімгі мессенджерлерге ұқсас. ChatGPT чат-ботын сілтеме арқылы іске қосуға болады. Терезе ашылған соң "Try ChatGPT" пернесін басып, Gmail арқылы тіркелу қажет. Кейін телефон нөмірін енгізгенде чат пайда болады. Чатта әртүрлі тілде жазуға болады. Оның ішінде орыс тілі де бар. Әзірге ол қазақ тілін дұрыс түсінбейді.
Жасанды ой немесе түпсана
Чат-боттар адамды толығымен алмастыра алмайды дейді Speech Lab компаниясының Data Science тобының жетекшісі Артём Рычко.
– ChatGPT-тің қазіргі нұсқасы адамдарды алмастырмайды, бұл сөзсіз. Тарих көрсеткендей, уақыт өте келе адамдар істейтін кей жұмыстарды технологиялар атқара бастайды, бірақ бұл жерде ешқандай қауіп жоқ. Ол Google немесе Microsoft Word сияқты жұмысымызды жақсырақ әрі жылдам орындауға көмектесетін құрал ғана. Мысалы, мен ChatGPT-дің арқасында жұмысымның бірнеше сағатын үнемдедім, – деп түсіндірді Артём Рычко.
Дегенмен, Sortlist Data Hub жүргізген зерттеу миллениалдардың 43 пайызы чат-боттардың кесірінен жұмыстан айырылып қалуы мүмікін екеніне алаңдайтынын көрсетті. Шын мәнінде, ол негізсіз емес. Өйткені Buzzfeed контентінің кей бөлігін ChatGPT-ден алатынын мәлімдеген. Сондай-ақ, жұмыс берушілердің 51 пайызы маркетинг жұмыстары үшін чат-боттарды пайдалануы мүмкін екенін айтқан.
Әрине, жасанды интеллект адамды толықтай алмастыра алмайды. Қайталанатын істерді адамға қарағанда тезірек және нақтырақ жасауы мүмкін, бірақ адамдағы шығармашылық, интуиция мен әлеуметтік дағдыларды ауыстыра алмайды.
Чат-бот бізде де бар
Қазақстанда азаматтарға тәулік бойы құжаттарды өңдеуге және барлық сұраққа жауап алуға мүмкіндік беретін ChatGPT баламасын әзірлеу басталды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің сөзінше, болашақта қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді ChatGPT форматында байланыс жасау арқылы ала алады.
– Биыл біз e-Gov өнімдеріне жасанды интеллект енгізуді көздеп отырмыз. Қазір Назарбаев Университетімен бірлесе отырып, қазақстандық әзірлеме базасында GPT чатының баламасын жасау жұмысы басталды. Біз үшін ең маңыздысы – адамдарға жағдай жасау, – деді министр.
Оның айтуынша, жасанды интеллект қазақ тіліне аударылады, қазіргі уақытта қазақ тілді LLM құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Қазақстан жасанды интеллектке өзінің цифрлық өнімімен енуді мақсат етіп отыр» деп түсіндірді Бағдат Мусин.
Сот және жасанды сана
Колумбияның Картахена қаласындағы судья Хуан Мануэль Падилла Гарсия үкім шығару кезінде ChatGPT нейрондық желісін пайдаланғанын айтты. Ол мұны уақытты үнемдеу қажеттілігімен түсіндірді.
Іс аутист баланы емдеуге қажетті сақтандыру төлемдеріне қатысты болды. Судья сақтандыру компаниясы оның барлық көлік және емдеу шығындарын өтеуі керек деп шешті.Судьяның айтуынша, ол Конституциялық соттың осыған ұқсас істер бойынша оң шешім шығарған-шығармағанын білу үшін ChatGPT арқылы іздеген. Падилла чат-ботты жай пайдаланбағанын, жауаптарды тексеріп, оларды өзінің заңды дәлелдерімен бірдей пайдаланғанын айтты. Нейрондық желі судьяны алмастыра алмайды, бірақ ол құжаттарды дайындауды жеңілдетеді.
– Жасанды интеллектті (AI) пайдаланудың мақсаты – кез келген жағдайда судьяны алмастыру емес. Шын мәнінде, біз құжат дайындауға кететін уақытты оңтайландыруға тырысамыз. ЖИ жауаптары деректерді тексеруден кейін пайдаланылды, – делінген шешімде.
Radio Blue арнасында Падилла сот процестеріне заманауи технологияларды енгізуді міндеттейтін заңды еске алды.
“Судьялар сот төрелігі мен технология саласындағы өзгерістерден хабардар болуы керек. Колумбиядағы пандемиядан кейін біз сот жүйесіне жаңашылдық енгізе бастадық. Бүгін бұл ChatGPT болуы мүмкін, бірақ кейінірек судьяларға көмектесетін қосымша құралдар қажет. Бұл жасанды интеллект бізге түсінікті сөздермен өте анық шешім шығаруға көмектеседі” деді ол.
Бұған дейін ChatGPT екі айдың ішінде 100 миллионнан астам жазылушы жинап, TikTok платформасын басып озып, тарихтағы ең жылдам дамып келе жатқан сервистік қолданбаға айналғаны хабарланған болатын. ChatGPT қызметі әлі барлық елдерде жұмыс істемейді.
Тарихтағы алғашқы робот-адвокат
Тарихта алғаш рет робот-адвокат сот отырысына қатысып, сотталушыға кеңес береді. DoNotPay компаниясының әлемдегі алғашқы робот-адвокат сотталушының смартфонында жұмыс істейді және дау кезінде клиентіне не айту керегі туралы нұсқаулар береді. Қазақ қой, иә?
Соттың қай жерде өтетіні, айыптау және сотталушының аты-жөні жарияланбады.
Робот өндірушілері дыбыстық жабдықты робот адамдардың айтқандарына бірден жауап бермейтіндей етіп конфигурациялады, бірақ талқылау аяқталып, ол кері байланысты талдағаннан кейін шешімді ұсынады. Роботты ойлап тапқан Джошуа Браудердің айтуынша, ол болашақта заңгерлерді оңай алмастырады.
– Бәрі сотта қалай сөйлейтініңізге байланысты, ол үшін адвокаттар сағатына жүздеген немесе мыңдаған доллар алады, – деді ол.
DoNotPay веб-сайтына сәйкес, технологияны бюрократияны айналып өту үшін де пайдалануға болады. Мәселен, робот тұтынушылардың құқықтары туралы заңдарды жақсы біледі. Атап айтқанда тоқтатылған және кешіктірілген рейстер, жұмыс орнындағы құқықтары.
Айта кетейік, бұл жасанды интеллект сот процесінде бірінші рет қолданылып отырған жоқ. Бұған дейін Қытай әлемде бірінші болып сот залында жасанды интеллект қолданды. 2022 жылдың шілдесінде бұл технология елдегі сот жүйесін «жетілдіру» мақсатында қолданылып жатқаны белгілі болды. Бұл жағдайда жасанды интеллект заңдарды ұсынады, құжаттарды әзірлейді және шешімдердегі «адамның қателігі болуы мүмкін» екендігі туралы ескертеді.
Жасанды интеллект те емтихан тапсыра алады
ChatGPT жасанды интеллект чат-боты ерекше жоғары бағамен болмаса да, екі америкалық университетте бітіру емтихандарын сәтті тапсырды.ChatGPT төрт курстық емтихандарға қаншалықты жақсы жауап бере алатынын тексеру үшін Миннесота университетінің заң мектебінің профессорлары тесттерді кім тапсырғанын білмей бағалаған. 95 таңдаулы сұраққа және 12 эссе сұрағына жауап бергеннен кейін бот орта есеппен C+ сдеген баға алған. Бұл барлық төрт пәннен төмен дегенді білдірсе де өту бағасы бар.

Пенсильвания университетінің Уортон бизнес мектебі, ChatGPT емтихандарын В-дан В-ға дейінгі бағалармен жақсырақ тапсырды. Уортон бизнес-профессор Кристиан Тервис ChatGPT негізгі операцияларды басқару және процесті талдау сұрақтарына жауап береуде ғажап жұмыс істегенін, бірақ негізгі математикалық сұрақтарда күтпеген қателер жібергенін атап өтті.Тест нәтижелері мектептер мен мұғалімдердің санының өсуі ChatGPT-тің студенттерге тікелей әсері және олардың тапсырмаларды алдау қабілеті туралы алаңдаушылық білдірген кезде пайда болды. Кейбір мұғалімдер қазір ChatGPT-ке жауап ретінде өздерінің тапсырмаларын таңқаларлық жылдамдықпен қайта қарастыруда.Дегенмен бұл құралды студенттер қаншалықты кеңінен қолданатыны және оның оқуға қаншалықты зиян тигізетіні әзірге белгісіз.
Түйін:
Бәріміз осы қоғамның мүшесіміз. Жаһанданудың куәгеріміз.Сол үшін жаңа технологиялық өнімдерден бас тарта алмаймыз. Алайда мұндағы ең басты мәселе – сақтық шаралары. Егер қажет болған жағдайда ChatGPT-ті қауіпсіз және жауапкершілікпен пайдаланған жөн. Жасанды интеллект технологияларынан қорқа беруден гөрі, алаяқтар оларды әлеуметтік инженерия тактикасына қалай енгізетінін зерттеңіз. Осылайша, өзімізді қауіптерден қорғай аламыз. Ал жасанды интеллект адамды алмастыра алмайды. Қанша дегенмен жасандының аты «жасанды» емес пе?
Айнұр ӘЛИ