Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әнге де мән керек

Әнге де мән керек

Қазіргі әндердің мағынасы лағып кетті. Әуені бидің ырғағына дөп келсе болды, сөздерін саралап жатқан ешкім жоқ, есіре билей жөнеледі. Тіпті той әндерінің де сиқы сұрықсыз. Бүгін айтылып, ертең ұмытылып қалатын әндер болса да, жастардың санасын улап, тәрбиесіне тікелей араласып тұрған бұндай бейәдеп әндер күн өткен сайын көбейіп келеді.

«Ол қыз» деген әнді бір рет тыңдағаннан, сөздерін түсініп кеткендер сирек шығар. Өз басым төртінші ретінде ғана бірдеңе ұқтым. Орындаушы да мәтіннің мағынасынан ұялады ма, жылдам-жылдам айтып өте шығады. Әй, қайдам, ұялса, мүлдем орындамас еді. Ең сорақысы, жастардың желіге тыңдауы мен тілі былдырлап енді шығып келе жатқан балақайлардың осы оспадарсыз әннің сөзін түгелдей жаттап алуында. Бүгінгі бүлдіршінге тәтті тілін қызықтап, өлең айтшы деп өтінсең: «Сүйдім, күйдім, жаңылдым» деген жылаңқы әндер мен «Бүйтті, сөйтті» деген мағынасыз әуендерді тақылдай жөнеледі. Баланың жазығы жоқ, кінә талғамсыз ата-ана мен көрінген әнді сахнада шырқатып жүрген жоғары жақтағыларда. Үлкендер теледидардан арзанқол, ауызекі тілде жазылған әуендерді тыңдағанда: «Аузы бардың бәрі әнші, қалам ұстағанның бәрі ақын болып кетті. Бұрын көркемдік кеңес деген болатын еді. Сахнаға шыққан әр әртістің қимылы, киім киісі мен айтар әні сараланып, барып көрерменге жол тартатын. Қазіргілер не айтып, не қойып тұрғандарын өзі білмейді», – деп кейіді отырады.

Кейбір ақындардың ойы таязданып, «ақ көйлек, көк көйлек, жылтыр көйлек, күлгін көйлек» деп, бір көйлектің айналасынан арыға аса алмай қалған секілді. Бір қызығы, осындайлардың жолы болғыш, әні өткіш. Әйтпесе, қазақ қашанда сөзге шешен, көкірек көзі ояу ақындардан кенде болған емес.
Ессіз әндер етек жайып, жауыннан кейінгі құрттай қаптады. Бұрын бағасы биік бағаланатын ән өнерінің бүгінгі күйі көңіл қуантпайды. Бұған себеп тыңдарманның талғамының өзгергені ме әлде сазгер мен ақынның не болмаса әншінің сапасының түскені ме түсініксіз. Той-томалақта да, қоғамдық көлік те де ести берген соң құлаққа да үйреншікті болып кеткен әуендердің мәтіні мәнсіз. Тіпті көпшілік ортада тыңдауға тұрмайтын тұрпайы тіркестер еріксіз қуыстандырып қояды.
Кейде бойымды бүгін «зың-зың» мен «дың-дың»-ды тыңдап өскен ұрпақтан кейін ұлттық өнерді ұлықтайтын ұл-қыз шықпай қалады-ау деген қорқыныш билейді. Әншілер лағып болса, лағыл әндерді орындайтын кез келген секілді. Сіз не дейсіз?

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
17 мамыр 2022 ж. 667 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031