Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәтті өткен сенбілік

Сәтті өткен сенбілік

“Тазалық - табалдырықтан басталады” демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау - әрбір адамның басты міндетті. Тазалықты жанына серік еткен қазалылықтар бүгін сенбілікке шығып, аудан аумағының қоқыстан тазаруына белсене атсалысты.
Соның ішінде Водокачка елді мекеніне баратын жолдың екі жағы, қазақ қорымы мен “Арзан сити” аралығы, Жанқожа баба кесенесі және тесік көпір аумағы (ПМС мекемесінің жаны) қоқыстан тазартылды.
Аудан көлеміндегі сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, туған жердің тазалығы үшін еңбек етіп жатқандарға сәттілік тіледі.
Жергілікті жердің тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
15 сәуір 2023 ж. 546 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031