Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбілікте серпін бар

Сенбілікте серпін бар

Сенбіде тазалыққа жаны құмар Қазалы ауданының тұрғындары жаппай сенбілікке шығып, киелі орындар мен шет аймақтарды тазалады, деп хабарлайды qazaly.kz
Қайрақбай Орынбасаров басшылық жасайтын Әйтеке би кенті әкімі аппаратының ұжымы аудан орталығындағы батыр әрі әулие Жанқожа Нұрмұхаммедұлының кесенесінде сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды. Қолдарына қажетті құрал-саймандарын ұстаған азаматтар кесене айналасында шашылған жапырақтарды тазалап, арнайы орынға жинастырды.
Ұйымшылдықпен игілікті іске атсалысқан ұжымға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Мұнан соң қолына тырма алып, кесене аумағындағы арықтардың айналасын тазалады.
Аудан орталығындағы өзге мекеме-кәсіпорындар Әйтеке би кентінднгі "Қазақ" қорымының айналасын тазалады. Бүгінгі таңда шет аймақтың барлығын ұшқан пакеттер мен өзге қоқыстар басып қалған. Аудан тұрғындары ауласынан шыққан керексіз заттарды адам аяғы саябырлаған уақытта әкеліп тастай берген. Серпінді сенбілік барысында бей-берекетсіз шашылған қоқыстар жинастырылып, ретке келтірілді.
Дәл осындай сенбіліктер Қазалы қаласы мен барлық ауылдық округтерде де ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
15 қараша 2022 ж. 281 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 138

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 143

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 153

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031