Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бастауыш партия ұйым төрағалары атқарылған жұмыстар жайында есеп беруде

Бастауыш партия ұйым төрағалары атқарылған жұмыстар жайында есеп беруде


Аудандық партия филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарында есептік-кездесу жиындары басталды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бастауыш партия ұйымның ағымдағы жылдың 11 айында атқарған жұмыстары және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы.


Осы бағыттағы жиын бүгін 346 партия мүшесін біріктіретін «Достық» бастауыш партия ұйымымен өтті. Ұйым төрағасы Нұрлан Имашев аманаттықтар алдында атқарылған жұмыстар жайын баяндап, партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысына тоқталды.

-- «AMANAT» партиясы жобаларының басты мақсаты – халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту. Осы ретте жобаларды іске асыру шеңберінде «Достық» бастауыш партия ұйымы жоспарға сай іс-шараларды жүргізуді. Атап айтқанда, «ТазаLike» партиялық жобасы аясында ұйым мүшелерімен 550 көшет тал егілді. Сондай-ақ белсенді партияластардың қатысуымен сенбіліктер өткізілді. «Бақытты отбасы», «Ұлыттық мұра» партиялық жобасы аясында «Ұлттық құндылықтардың бастауы – отбасы», «Бір отбасы – бір кітап», «Анам үйреткен...» тақырыптарында іс-шаралар ұйымдастырылды , - деген Нұрлан Райыпұлы «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында жасалған жұмыстар жайын тарқатты.

Дәл осы тәртібіндегі мәселемен осы күні «Көлік» және «Шымыр» бастауыш партия ұйымының мүшелері бас қосты. Қосы ұйымда да партиялықтармен бірлесе жасалған жұмыстары жайы талқыға түсіп, алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы қаралды.

Айта кейтік, есептік жиындарға партия филиалының консультанты Жанат Кадирова қатысты. Алдағы күндері бұл бағыттағы жиындар партия фиилиалына қарасты барлық бастауыш ұйымдарында өткізілетін болады.
06 желтоқсан 2023 ж. 493 0

Мәдениет – өркениет өзегі

27 желтоқсан 2025 ж. 121

Ұстаздар жылды қорытындылады

27 желтоқсан 2025 ж. 132

Кәсіпкерлік көші ілгері

27 желтоқсан 2025 ж. 112

Қуантқан барлық баланы

27 желтоқсан 2025 ж. 115

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031