Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар әдебиетінің бәйтерегі

Балалар әдебиетінің бәйтерегі

Кітап – адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, білім және тәрбие беретін құрал. Ғасыр көші ілгері жылжып, тарих беттері қалыңдығымен адамзаттың кітапқа деген құрметі, пейіл-ықыласы ортаймаса керек. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», – деген Абай атамыз «кітап» атты құдіреттің ғажайып күшін бойына жинап, өмірлік азық етпеп па еді?!
Бүгінгі күні теледидар, компьютер, интернет сынды коммуникациялар үлкен рөлге ие болып отырған уақытта кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында аудандық балалар кітапханасында түрлі бағыттарда шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның бірі – биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары таңдалуына орай «Менің атым – Қожа» повесінен оқырмандар конференциясы өткізілді. Шара барысында кітапханашы З.Әшірбекова жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырып өтті.
Мұнан соң Жамбыл Жабаев атындағы №234 мектеп және Е.Бозғұлов атындағы №249, №266 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушылары шығарманы жан-жақты талдап, өз ойларын ортаға салды. Оқырмандар конференциясында аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Ж.Көмекбаева шараға белсене қатысқан оқушыларға жылы лебізін білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.

С.АҚМЫРЗА
03 ақпан 2024 ж. 412 0

КӨПКЕ ҮЛГІ АРДАГЕР

08 сәуір 2025 ж. 52

ӘЛЕМ ӘБІГЕР ҮСТІНДЕ

08 сәуір 2025 ж. 52

Не үшін кітап оқу керек?

07 сәуір 2025 ж. 145

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930