Баға тұрақтылығы бойынша кезекті мониторинг жүргізілді

Топ құрамы аудандық мәслихаттың, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің мамандарынан құралған.
Алдымен топ мүшелері сауда дүкендеріндегі тұрғындардың көп тұтынатын азық-түлік бағаларына зерделеу жұмысын жүргізіп, қажетті өнімдер жеткілікті екенін анықтады. Кәсіп иелеріне баға тұрақтылығын сақтау бойынша түсіндірме жасап, негізсіз көтеру жағдайында қолданылатын шараларға тоқталды.
Мұнан соң бірқатар дәріханаларда болған топ дәрілердің бағасы мен қорынның жеткілікті екенін білді. Сондай-ақ жанар-жағармай бағасына жүргізілетін мониторингке сәйкес май құю бекеттерін де арнайы аралап шықты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
Пікір 3