Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек және жанармай бағаларына мониториг жүргізілді
Аудандық партия филиалы жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің және аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандарымен сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына кезекті бақылау жұмыстары жүргізді.
Топ құрамы ең алдымен Әйтеке би кентіндегі «Рамазан сауда дүкенінде болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын бағамдады. Зерделеу барысында анықтылғандай азық-түлік қоры жеткілікті. Дегенмен негізгі тауарлар бағасын тұрақты ұстау мәселесі кәсіп иелеріне түсіндірілді.
Топ мүшелері кезекті зерделеу жұмыстарын дәріханалар мен жанармай бекеттерінде жалғастырды. Нәтижесінде жанармай бекеттерінде баға мөлшері және қауіпсіздік техникасы сақталғандығы, ал дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бағасы қалыпты екендігі анықталды.
#AMANAT