Тұрмыстық-салт дәстүрлер
Қазақтар кез келген шаруаның басталып-аяқталуын ескерусіз қалдырмаған. Мысалы қырықтық аяқталғанда бір үйден соң бір үй «күзем шай» берген. «Күзем шай» – қырықтық мейрамы. Бұл мейрамды ауыл адамдары өте көңілді өткізген. Ән салып, түрлі ойындар ұйымдастырған. «Күзем шай» – жастарды еңбекке, ұйымшылдыққа баулыған.
Кеусен
«Кеусен» – егіннен мол өнім алған уақытта туысқандарына, дос-жолдастарына, ауылдастарына өзінен артылғанын бөліп беру. Бұл да қазақтың мырзалығын көрсетеді.
Қой басты
Киіз басу – өте қиын, ауыр жұмыс. Алдымен жүнді сабаумен сабайды. Сосын оны бояйды. Қайнатады, құрғатады,орайды. Ораудың астынан арқан өткізіп, жіптің ұшынан ұстап, аяқпен теуіп отырып, үй-үйдің арасынан өткізеді. Кез келген үйдің жанына келгенде «қой басты, қой басты» деп дауыстайды. «Сенің үйіңде қой көбейсін!» деген тілек айтылады. Мұны естіген үй иелері сыртқа шығып, киіз басушы әйелдерге қымыз, бауырсақ, құрт, тағы басқа береді. Бұл негізінен әзіл-қалжың түріндегі дәстүр. Өкінішке орай, қазір «қой басты» мүлдем ұмытылып барады.
Хан сарқыты
«Хан сарқыты» – басқа халықтарда жоқ болса керек-ті. Ал қазақтар хат билік Ордасына кіріп, таққа отырған соң: «Енді ханға малдың керегі жоқ, халықта болса – хандікі болады!» – деп ханның малын бәрі бөлісіп алған. Өйткені, жұрт ханның халықтың қамын ойлағнаннан басқа жұмысы жоқ деп есептеген. Ал бұл хан үшін зор абырой болған.
Сауға
Өлім жазасына немесе басқадай ауыр жазаға кесілген адамнның жазасын жеңілдету үшін, не болсатып алу үшін айыптаушыдан «сауға» сұраған. «Сауғаны» негізінен беделді адамдар ғана сұраған. Көп жағдайда «сауға» сұраушы адам кінәлі адам үшін «құн» төлеген. Екі жақты келісімге келтірген.
«Сауға» – кінәлі аадамның жазасын жеңілдетуі үшін де қолданылған.
Қол кесер
Дәстүр бойынша шаруашылыққа көмекке келген адамды еңбекақысыз жібермеген. Шаруаның ауыр-жеңіліне қарамастан тиісті ақысын берген. Оларды «келі түбі», «қол үздік» деп атаса, «қол кесер» де солардың қатарына жатқызылды. «Қол кесер» соғым сойған, етті мүшелеген адамға беріледі. Әдетте оның үлесіне сойылған малдың ауыз омыртқасы тиесілі болған.
Со,ым сою – отбасы үшін үлкен қуаныш, мереке күн болған. Соғым сойылған күні қуырдақ жасалып, көрші-қолаң шақырылады. Сөйтіп, бұл бас қосу арқын-жарқын көңілді отырысқа айналады.
Тулақ шашу
«Тулақ шашу» – жүн сабау кезінде орындалатын дәстүр. :й иесі әйел жүн сабау біткен соң, көмектесуге келген әйелдерге дастарқан жасап, сый-құрмет көрсеткен. Мұны – «тулақ шашу» деп атаған.
«Қазақ салт-дәстүрлері» кітабынан