Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәстүр – тәрбие құралы

Дәстүр – тәрбие құралы

Қазақтың салт-дәстүрі ағайын, туған-туыс, көршілер арасында жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына және ынтымақтастықта өмір сүруіне жол ашқан. Сол себепті де салт-дәстүрге сүйене отырып, өзара қарым-қатынасын реттеп отырған. Бір-бірін үнсіз түсініп, сыйласқан. Ал бүгінде сол дәстүрдің біразы ұмыт болып барады.
Мәселен, көгентүп, жиенқұйрық деген жоралғы халық арасында жасалған.
– Бұл салт тек қыздан туған жиендердің құрметіне арналатын. Ондағы мақсат – құдалар арасында жиеннің де қадірлі екенін көрсету. Алыс жолға шыққан кезде ата-анасымен бірге еріп келген кішкентай балаларға бұзау, құлын, қозы-лақ атайды. Бұл – көгентүп беру. Атаған көгентүбін кейін бермей кету – өнегесіздік, дүниеқоңыздық саналған.
Ал жиенқұйрық сол отбасына жиен болып келетін балаға жасалады. Нағашы жұртына келген жиен-баланы құда күткендей сыйлап, оның үш қалауын еш қарсылықсыз орындаған. Кейбір өңірлерде “қырық серкеш” деп атаған.
– Бәсіре атау ежелгі әдет-ғұрыптардың бірі. Ата-анасы баласына арнап ен салған жас төлді “бәсіре” деп атайды. Бәсірені сол баланың қажетіне, тойына жаратады. Оны ен салып, малды таңбалаумен шатастырмау қажет, – дейді Дандай Ысқақ.
Қазақта баланы қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін дәстүрлер жетерлік. Этнограф Құралай Сәрсембинаның айтуынша, бұл әдіс ұрпақ жалғастығына, әулеттің азып кетпеуіне, саналы ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы зор болған.
Айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың: “Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды” дегені бар. Сондықтан дәстүр мен тәрбиені ұштастырған жөн-ақ.
Атап айтсақ, “Қол ұшын беру” деген керемет дәстүр бар. Бұл дәстүр осы күні ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Қол ұшын беру – ауыл адамы біреудің үйінің жанынан кірпіш құйып, үй салып жатқандарын көрсе, өтіп кетпеген, көмектескен. Осындай мән маңызы мол дәстүр арқылы адамды қайырымдылыққа, жанашырлыққа баулыған.
Қой басты дәстүрі ауыл адамдарының басын біріктіріп, тіптен қызықты өткерілген.
– Ауылда киіз басу – ауыр жұмыстардың бірі болған. Алдымен жүнді сабайды, сосын бояйды, қайнатады, құрғатады, орайды. Ораудың астынан арқан өткізіп, жіптің ұшынан ұстап, аяқпен теуіп отырып, үй-үйдің арасынан өткізеді. Кез келген үйдің жанына келгенде “қой басты-қой басты” деп айқайлайды. Мұны естіген үйдегі әйелдер киіз басушыларға бауырсақ, қымыз, құрт береді. Бұл – әзіл-қалжың ретіндегі дәстүр болғанмен, сыйластыққа негізделген. Осыған ұқсас “тулақ шашу” дәстүрі бар. Жүн сабау біткен кезде үй иесі көмектескен әйелдерге сый-құрметін көрсету үшін дастарханға шақырған, – дейді этнограф Құралай Сәрсембина.
Қазақта сайыс ретінде ұйымдастырылатын салт-дәстүрлерді де кездестіруге болады. Солардың бірі – “Қазақ халқының салт-дәстүрлері” кітабында көрсетілген “деңгене” дәстүрі.
Көрші ауылдан келген үш-төрт жігіт алдымен түсетін үйін сайлап, сол үйдің жанына барып “Деңгене! Деңгене жеуге келдік” деп айғайлайды. Ал үй иесі бұл сөзді естіген соң, семіз бір қойды сойып, етін түгел қазанға салдыртады. Деңгене дәстүрі бойынша келген жігіттер сол қойдың етін түгелімен жеп, сорпасын ішулері керек. Егер тауысып жемесе, бір қойды екі қой қылып қайтаруға мәжбүр болған.
Қазақта аң аулау – үлкен мереке болған. Бірақ аң аулаудың қанша қызығына түскенмен, ерекше белгілері байқалған аңдарды атпаған. Әсіресе, мола басына жақын жерде жүрген жан-жануарларға тиіспеген. Өйткені әр аңның киесінен қорыққан. Ал қанжығаларын майлап, аң аулаудан қайтқан аңшы өзіне “Майлансын” деп айтқан адамға ойланбастан атып алған аңын сыйға тартқан. Аңшының сыйын “сыралғы” деп атаған. Ал қақпанға түскен аңды алу ұрлыққа жатпаған. Бірақ орнына бір зат қалдырып кетуді мәдениеттілікке балаған.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
23 қазан 2022 ж. 882 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031