Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Асардан" алыстап кеттік пе?

"Асардан" алыстап кеттік пе?

Биыл жаңадан үй іргесін қалаған Қасым алажаздай жалғыз өзі қанша тыраштанса да ісі өнімсіз болды. Төрт қабырғасын қалқайтып үлгергенімен төбесі жабылмады. Күзгі жаңбыр жиі жауып, үйіне су кетіп, әбігерге салды. Жаз бойғы еңбегі еш кетуге қарағанда ағайын-туыс, жора-жолдасына өтініш білдіріп, асарға шақырды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Таңалакуімнен істі бастаған көпшілік күн ұясына батқанша үйді шатырлы етіп үлгерді. Қауқылдаса жүріп, тындырамды тірлік, сауапты іс бітіргендер кең жайылған дастархан басында астан алып, әңгіме тиегін ағытты. Төрге шығып алған Талғатбек "Асар деген жақсы екен-ау" деп әзіл-шыны аралас сөз бастады. Оны қостаған көпшілік арасынан "Жақсысына жақсы-ау, алайда, қазір бұл дәстүр қалып барады" деп қынжылды.
Иә, рас-ау, арамызда тіпті, асардың не екенінен бейхабар жандар да жүр.
Қазақы ортада адамдар арасындағы ауызбіршілік пен бірлікті байқататын әдет-ғұрыптың бірі – асар. Қол күшін керек ететін, көпшіліктің қатысуымен орындалатын бұл жұмыс бізге жат емес. Ертеректе жанадан үй салу, шөп шабу, қой қырқу, малды жайлауға не қыстауға айдап салу кездерінде ағайын асарға жиналатын. Көмекке келгендер еңбегіне ақы сұрамаған. Үй иесі оларға арнайы мал сойып, ас дайындаған.
Ұжымдасып жұмыс істеудің үлкен бір үрдісін батыс қазақтары "үме" деп атайды екен. Шөп шабу науқаны кезінде қыз-бозбаланың және әнші-жыршының жиналатынына байланысты «Үмеге келген үндемей қалмайды» деген мақал да туған. Ал Оңтүстік өңірде «асаршы» мен «мердігерші» атаулары бір мағынада айтыла береді. Жұмысқа қатысушылардың жас шамасы да, күш қуаты тұрғысынан жұмысқа жарамдылығы да ескерілді.
Халқымыздың бірлігін көрсететін асар дәстүрі қазір де бар. Бірақ бұрынғыдай жиі емес. Асарлатып үй салу азайып барады. Асарға шақырылатын ағайынның орнын жалдамалы жұмысшылар басты. Бұған себеп, адамдар арасындағы ауызбіршіліктің азайғаны ма, әлде нарықтық замандағы уақыттың тапшылығы ма? Әйтеуір, бүгінде "асарға бара жатырмын" деген адам аз ұшырайды.
Тұрғындар арасында "Жұмысбасты жақыныңды көмекке шақыруда ерсі екен. Асарға кел деп ағайынды алаңдатпай-ақ, жұмысшылармен бітірдік" деген пікірдегілері жиі кездесті. Алайда, асар ағайынның алтын уақытын алып кетеді деу артық. Сіздің ойыңызша бүгінде баршамызды бірлікке бастайтын дәстүріміздің деңгейі қандай?
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА


18 ақпан 2024 ж. 226 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031