Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Асар – бірлік, асар – береке

Асар – бірлік, асар – береке


Соңғы уақыттары аудандық «Қазалы» газеті оқырмандарға тәрбиелік маңызы мол тың тақырыптарды жиі ұсынып келеді. Соның бірі газеттің 2017 жылғы 28 қарашадағы №91 нөміріндегі тілші Ұлболсын Талапбаеваның «Асардан» алыстап кеттік пе?» атты мақаласына орай, өз пікірімді ортаға салғанды жөн көрдім.
Асар – өте ертеден келе жатқан халқымыздың озық әдет-ғұрпы, көпшіліктің көмегін пайдалану дәстүрі. Яғни, халқымыз көпшіліктің қатысуымен бірлесе, білек сыбана атқарылатын жұмысты «асар» деп атаған. Асармен үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз басу, алаша тоқу, егін ору, шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстар көптің күш қайратымен атқарылған. Үй иесі көмекке келген адамдарға арнайы мал сойып ас әзірлеп, жағдайын жасаған.
Ұлболсын қарындасымның мақаласы ескіні еске алуыма себепші болды. Бұрынғы көнекөздердің де есінде болар, 1986 жылғы көктемдегі үздіксіз бір ай бойы жауған жаңбырдан жер асты суы көтеріліп, Әйтеке би кетіндегі көптеген үй суда қалып, әрі қарай тұруға жарамсыз жағдайға жетті.
Осы апатты жағдай менің бір досымды ауыр жағдайға душар етті.
Жаңбыр зардабынан тұратын үйі құлап, үш баласымен далада қалды. Өзі сол кездегі №716 теміржол құрылыс мекемесінде көлік жүргізушісі болып жұмыс істейтін. Кеңестік дәуірде жеке құрылыс нысандары міндетті мемлекеттік сақтандырылатын. Қалыптасқан жағдайға байланысты комиссияның шешімімен сақтандыру мекемесінен апатты жағдайды қалпына келтіру мақсатына 500 сомға жуық ақша бөлінді. Алайда, бұл қаражат үй салуға жеткіліксіз болатын. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, мекеменің сол кездегі басшысы Салмырза Қалдыбековтің ықпалымен оның ауласына жылжымалы вагон үйшік жеткізіліп, отбасы соған орналастырылды.
Кәсіподақтан, мекемеден ақшалай материалдық көмек көрсетіліп, аула судан құрғатылып, ұжымдастары ауызбіршілік жасап, демалыс күндері көмекке келіп, бір жазда зәулім үй салып берді.
Бұрынғы біздің уақытымызды жеке үйлер асардың көмегімен салынатын. Өзім үй салған кезімдегі ағайындарымның, қайын жұртымның, көршілерімнің, достарымның, ұжымдастарымның көмегін ұмытқан жоқпын. Онда сол кездегі менің бастығым, досым қаржы бөлімнің басқарған марқұм Қалмырза Аймағамбетовтың де қолтаңбасы болғанын айта кеткім келеді.
Қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Жасалған жақсылық ақшамен бағаланатын сыңайлы. Өткен жазда тұрмыс жағдайы төмендеу бір танысым шағын құрылыстың іргетасын құюға көмекке шақырды. Баламды ертіп бардым. Шақырылған көмекшілердің жартысына жуығы түрлі сылтаумен келмей қалды, бірақ асарға келгендер кеш болса да жұмысты бітіріп қайтты.
Ата салтымыз адамдарды ынтымақ-бірлікке, ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеп, еңбекке баулыған. Бірлесе отырып, бір-біріне қол ұшын созған. Асар – бірліктің бір көрінісі. Бабаларымыз «Бірлік болмай – тірлік болмас», «Бірлік түбі – береке», «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлікті ел озады» деп ұрпағын ұлағаттыққа тәрбиелеп отырған.
Ата-бабамыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі ұлттық құндылықтарымызға жатады, оны жаңғырту – сіз бен біздің борышымыз.
Кемал КӨПЖАСАР,
қаржы саласының ардагері.
12 желтоқсан 2017 ж. 5 542 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930