Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында «Жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

Қызылорда облысында «Жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы Рапиль Жошыбаев әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.
-«Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес облыста 7 бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыстық бюджеттен Қазалы және Қармақшы аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салуға қажетті қаражат бөлінді. Елбасының Жолдауынан туындаған басты міндеттерінің бірі – инвестицияларды тарту. Осы мақсатта облысымызда барлық қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік беретін бірыңғай Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. 2018 жылдың бес айында негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 15,4 пайызға өсіп, 65,9 млрд.теңгені құрады, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. Рапиль Жошыбаев Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының «жасыл» және жаңартылмалы қуат көздері, қуат тиімділігі мен қуатты үнемдеу, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен әріптестік орнатудың маңыздылығын атап өтті. Меморандум тұрақты даму, экология, «жасыл» энергетика мен жаңартылмалы қуат көздері, қуатты үнемдеу және тиімді пайдалану, цифрландыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды өндеу және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы саласында жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара әрекет етуді көздейді.
Бақтияр ТАЙЖАН
egemen.kz
25 маусым 2018 ж. 1 635 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 129

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 117

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 124

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30