Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайлық инвесторлар Сырдарияның сол жағалауына құрылыс жүргізетін болды

Қытайлық инвесторлар Сырдарияның сол жағалауына құрылыс жүргізетін болды

Қызылордада облыс әкімдігі мен «Джинан Сиян Констракшн Групп ЛТД» компаниясы арасында Сырдарияның сол жағалауында тұрғын үй салу туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қытай Халық Республикасының инвесторларымен кездесіп, оларға өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндап берді.
«Біз кез келген тиімді идеялар мен жобаларды қолдап, инвесторлардың нәтижелі жұмыс жасауына барлық жағдай жасауға дайынбыз. Сіздер сол жағалауда құрылыс салуға қызығушылық танытқандарыңызды білеміз, сондықтан бөлінетін жер учаскелеріне қажетті инфрақұрылымды тартуды өз жауапкершілігімізге аламыз және бірлескен жұмыс барысында жан-жақты қолдау көрсететінімізді атап өткім келеді», - деді аймақ басшысы.
Өз кезегінде, «Джинан Сиян Констракшн Групп ЛТД» компаниясының бас директоры Лан Лисяо әріптестік орнатқанына қуанышты екенін жеткізіп, ұзақ мерзімді бірлесе жұмыс жасауға ниет білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қараша айында «Баоньбао» Синьцзян сауда компаниясы» ЖШҚ басқарма төрағасы Лю Вэй ханым бастаған ҚХР делегациясы ІХ халықаралық «Байқоңыр Инвест» форумына қатысып, бірлесе жүзеге асыру үшін 5 жоба таңдаған болатын (Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу және пайдалану, Қармақшы және Жаңақорған аудандарында құс фабрикаларын салу, Қызылорда қаласының сол жағалауында құрылысын салу және «KazPump» ЖШС электр қондырғылары). Бұл жобалар бойынша жұмыс алдағы уақытта басталмақ.
http://www.http.inform.kz
23 желтоқсан 2017 ж. 1 967 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 46

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031