Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Лицей сыныптарының семинары өтті

Лицей сыныптарының семинары өтті


М.Горький атындағы 16 мектеп-лицейде “STEM технологиясы – ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту негізі” тақырыбында лицей сыныптарының есеп беру семинары өтті. Семинардың ашылу салтанатында мектеп-лицей директоры Дархан Жарылкасынұлы сөз алып, мұғалімдерге сәттілік тіледі. Мектеп психологі Оразымбетова Әлпен келген мұғалімдермен психологиялық тренинг өткізді.


Бұдан әрі бағдарламаға сәйкес педагог-сарапшы Нұрғалиева Ляззат «Жануарлардағы қан айналым мүшелері, буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалылар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сонымен қатар тарих пәнінің магистрі, биыл ғана магистр сағаттарына келісім шартпен келген жас ұстаз Қалыбай Мәулен «Біріккен Араб Әмірліктерінің тарихы» кейс – стади форматындағы жұмыс көрсетілді.

Бұдан кейін алғашқы шеберлік сыныпты физика пәнінің магистрі Маратқызы Перизат «Физика және астрономия сабақтарында жобалау әдісін қолдану» тақырыбындағы нәтижелі жұмысымен жалғастырды. Мектептің педагог-шебері Жексембиева Эльмира «Химия сабағын STEM тәсілі 5 E циклін негізінде оқыту» тақырыбында мұғалімдермен бірлесе отырып жұмыс жасады. Педагог-зерттеуші Ерман Нәзігүл «Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрлысының ерекшеліктерін сипаттау» тақырыбындағы шеберлік сыныбында ерекше әдіспен бөлісті. Іщін ала «EV3 арқылы Scratch –те музыкалық аспаптарды басқару» атты тақырыбымен ақпараттандыру магистрі Махамбетжан Гүлханым лайфхакпен бөлісті. Рахманбергенова Үміт информатика пәні мұғалімі, «Цифрлық трансформация курсы» тақырыбында панорамалық сабақ көрсетті.

Семинардың соңында Маратқызы Перизат «Kaspi Bank» әдісі арқылы мұғалімдердің арқылы кері байланыс ұйымдастырды. Жиында тек қана әдіс –тәсілдерді ғана алып қайтпасын, рухани азық алсын деген ниетпен мектеп-лицейдің ұстаздар қауымынан құралған театр әртістері — ағылшын тілі пәні мұғалімі Таласбаева Асель, қазақ тілі пәні мұғалімі Байкубекова Жания, орыс тілі пәні мұғалімі Сақтапберген Тоғжан, практикант Науытбай Ақбота Оралхан Бөкеевтың «Атау кере» шығармасынан үзіндіні сомдап берді. Театрдың ұйымдастырушы сценаристі, қазақ тілі пәні мұғалімі Жауғашарова Гулбарам Нұрылда
қызы екенін айта кеткен жөн.

Сөз соңында лицей сыныптарының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тілеуқабыл Жанар қатысушы мұғалімдерге алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
19 қараша 2023 ж. 140 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 118

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031