Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шет тілі ұстаздарының семинары өтті

Шет тілі ұстаздарының семинары өтті

Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепте Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай «Шетел тілдерін оқытуда STEM/STEAM технологиясын қолданудың ерекшелігі» тақырыбында орыс тілі, ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің аудандық семинары өтті.
Тіл мерекесі аясында ұйымдастырылған шарада оқушылар үш тілде өнер көрсетіп, әлемдік деңгейдегі үш тұлға Абай, Пушкин, Шекспирдің образын сомдады. Аудандағы білім бөлімінің әдіскері Н.Арзиева мен мектеп директоры О.Маханбетов семинарды ашып, мұғалімдерге сәттілік тіледі.
Семинар бағдарламасы бойынша ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Сәрсембай «Helping and heroes. Historical figures.Pocahontas» тақырыбында 6 «б» сыныбына ойын сабақ, орыс тілі пәнінің мұғалімі Ж.Алмаева «Гордимся мы своей страной» тақырыбында 4 «б» сыныбына зерттеу сабақ, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Л.Жұмабай «Living/Non living things.Iron man» тақырыбында 5 «б» сыныбына сайыс сабақ өткізді.
Сонымен қатар «Talented students-the future of the nation» тақырыбында 10- сыныпқа зияткерлік сайыс өтсе, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Н.Манатауов «Means of communication» тақырыбында 7- сыныпқа ашық сабақ және «Шетел тілі пәнін оқытуда А.Байтұрсынұлы әдістемесін қолданудың тиімділігі» тақырыбында шебер сынып өткізді.
Бұдан бөлек, орыс тілі пәнінің мұғалімі Ж.Алмаева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Сәрсембай 7-8 сыныптар арасында «Find, Think and DO» тақырыбында интеллектуалды шоу және семинарға қатысушылармен «Ұлттық педагогика құндылығын STEM/STEAM технологиясымен ұштастыру арқылы гуманитарлық пәндерге енгізудің тиімді жолдары» тақырыбында шебер сынып өткізді.
Ұлттық педагогика құндылығын STEM/STEAM технологиясымен ұштастырған семинардан мұғалімдердің жаңашылдығы, ізденісі көрінді. Семинар соңында жұмыстар талданып, өз тәжірибесімен бөліскен мұғалімдерге білім бөлімінің Алғыс хаты табысталды.
"Қазалы"ақпарат
29 қыркүйек 2023 ж. 119 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 78

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 114

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 86

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031