Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздар бейнесі –сахна төрінде

Ұстаздар бейнесі –сахна төрінде

Бірер күн бұрын Оқушылар Үйінде «Қазақ прозасындағы ұстаз бейнесі» тақырыбында мұғалімдер арасында сахналық қойылымдардың аудандық байқауы өтті.
Мұғалімдер арасында театр өнерін дамыту, шығармашылық қарым-қатынас қалыптастыру, орындаушылық шеберліктерін жетілдіру мақсатында өткізілген байқауға аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары қатысты.
Байқаудың қорытындысына сәйкес, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің ұжымы жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші орынды аудандық Оқушылар Үйі мен №94 орта мектеп иеленді. Ы.Алтынсарин атындағы
№204 мектеп пен Ғ.Мұратбаев атындағы №91 орта мектептің ұжымы
үшінші орынды бөлісті.
Байқауға жақсы дайындықпен қатысқан Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп пен С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектептің ұжымы Алғыс хатпен марапатталды. Жүлделі орын алған мектеп ұжымдары аудандық білім бөлімі мен аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің диломы мен қаржылай сыйлығы берілді.
Сонымен қатар, «Үздік ер адам рөлі» номинациясы бойынша Оқушылар Үйінің қызметкері Нағимов Бақыт, «Үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша Ғ.Мұратбаев атындағы №91 орта мектептің мұғалімі Оразалы Айнұр, «Образды үздік актерлік бейнелеу» номинациясы бойынша Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің мұғалімі Кенжебай Данияр лайықты деп танылып, абырой биігінен көрінді.
"Қазалы"ақпарат
05 қазан 2023 ж. 496 0

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 28

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 37

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930