Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздік әлеуметтік педагог анықталды

Үздік әлеуметтік педагог анықталды

29 қыркүйек күні М.Матаев атындағы №170 орта мектепте аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен кәсіптік біліктілігі жоғары әлеуметтік педагогтерді анықтау, қолдау және білім беру жүйесіндегі әлеуметтік-психологиялық бағытты жетілдіру мақсатында «Үздік әлеуметтік педагог- 2023» аудандық байқауы өтті.
Байқауға білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагог мамандары қатысты.
Әділ қазылар шешіміне сәйкес, Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектептің әлеуметтік педагогы Айтбембетова Жансая сайыс жеңімпазы атанды. Сонымен қатар №17 орта мектептің әлеуметтік педагогы Бисенбай Ұлболсын екінші орынды еншілесе, №91, 266 мектептердің әлеуметтік педагогтары Менеева Айдана мен Сәдір Бауыржан үшінші орынды бөліске салды.
Бұдан бөлек, №88, 94, 104, 190 және №276 орта мектептердің әлеуметтік педагогтары Б.Жанузахова, Ә.Жарылқап, А.Қаруов, Б.Ерболат және Ш.Тотанов білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Байқауда үздік танылған №70 орта мектептің әлеуметтік педагогы Ж.Айтбембетова 11 қазан күні өтетін облыстық байқауда бақ сынайды.
"Қазалы"ақпарат
02 қазан 2023 ж. 371 0

Наурызнама: Жаңару күні

19 наурыз 2026 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031