Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық "Ой көкпар " зияткерлік байқауы өткізілді

Аудандық "Ой көкпар " зияткерлік байқауы өткізілді

Аудандық кітапханада "Ой көкпар" атты аудандық зияткерлік байқауы өткізілді. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту мақсатында өткізілген байқауға қазақ тілі мамандары қатыстырылды. Талапкерлер "Көне сөздер көмбесі", "Ой жүйрік", "Жер-су атаулары" шарттары бойынша сынға түсті.
Тартысты додада жүзден жүйрік шыққан 266 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұбанова Гүлжан бас жүлдені, Ы.Алтынсарин атындағы 204 орта мектептің тіл маманы Есенова Ажаркүл І орынды, 258 орта мектептің тіл маманы Әбдірахмановна Бибігүл ІІ орынды, Ү.Түктібаеа атындағы 24 орта мектептің тіл маманы Әли Рүстем ІІІ орынды иеленді. Және де қазылар алқасының шешімімен Б.Әбдіразақов атындағы 88 орта мектептің тіл маманы Томай Сұлтанқазы мен Жанқожа батыр атындағы 70 орта мектептің тіл маманы Мұстафаев Сейілхан арнайы номинациялармен марапатталса, бөлімнің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарына ие болды.
Жүлдегерлерді құттықтай отырып, денсаулықтарыңыз мықты болып, биіктерден көрне беріңіздер демекпіз.
"Қазалы"ақпарат
29 қыркүйек 2023 ж. 274 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 121

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 111

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930