Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жазба ақындар байқауы

Жазба ақындар байқауы

Кеше аудандық мәдениет Орталығында қазақ тіл білім мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ғалым А.Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығын жастарға насихаттау, мемлкеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту,тіл мәдениетін көтеру мақсатында «Өлең сөздің патшасы» атты аудандық жазба ақындар байқауы өтті.

Байқауға №91 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айнұр Оразалы, аудандық Орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Зоя Мұстафаева, Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Жұбатқан Таңжанов қазылық жасап, талапкерлердің тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуына аса мән беріп, өнерлерін сарапқа салды.
Байқау ІІІ кезеңнен тұрды:
І кезеңде ақынға арнау; (қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері А.Байтұрсыновқа арнау өлеңі)
ІІ кезеңде - Тіл тақырыбына арналған өлең. (Ана тіліміздің баға жетпес байлығын, сөз құдіретін, бабалардан қалған асыл мұралардың сарқылмас қазынасын тілге тиек ету).
ІІІ кезеңде - Көсемсөз. (Әр қатысушы өз ойынан шығарып бір қанатты сөз айту. Бір ауыз сөзбен ойын түйіндеу.)
Сайысқа 10-ға жуық талапкер қатысып, нәтижесінде Бас жүлдені Бозкөл ауылынан Пазыл Нұрзат, І орынды №91 Ғ.Мұратбаев атындағы мектептің оқушысы 9 сынып оқушысы Нұрқасым Нәзия, ІІ орынды №266 мектеп-лицейдің оқушысы Жантілеу Бағдаулет, ІІІ орынды Өркендеу ауылындағы №104 орта мектептің оқушысы Жиенбай Ақниет және Бірлік ауылындағы № 102 мектің оқушысы Балауса Нұрсұлтан өзара бөлісті. Қалған қатысушыларға ынталандыру және бағалы сыйлықтар табысталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
30 қазан 2020 ж. 1 128 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 141

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 135

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 127

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031