Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «БЖЗҚ» АҚ бөлімшелерінің демалыс күндердегі (2017 жылғы 30-31 желтоқсан) жұмыс кестесі туралы

«БЖЗҚ» АҚ бөлімшелерінің демалыс күндердегі (2017 жылғы 30-31 желтоқсан) жұмыс кестесі туралы


БЖЗҚ зейнетақы заңнамасында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін өзгерістерге байланысты, ағымдағы жылы зейнеткерлік жасқа толған және толатын салымшылар мен алушыларды, сондай-ақ 1,2 топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген адамдарға мынадай мәліметтерді хабарлайды.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, БЖЗҚ-дан міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған, сондай-ақ 1,2 топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген азаматтарға ай сайын төленетін болады.
Егер зейнетақы Қорына жүгінген күні зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, оларды толығымен алуға болады. (2018 жылы бұл сома – 404 940 теңгені құрайды (33 745 x12)). Ал егер зейнетақы жинақтары бұл сомадан артық болса, онда зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, БЖЗҚ биыл зейнеткерлік жасқа толған немесе толатын (ерлер – 63 жас, әйелдер – 58 жас), сондай-ақ 1,2 топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген салымшылар мен алушыларға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болатын тәртіпте рәсімдей алатындықтарын хабарлайды. Бұл үшін БЖЗҚ бөлімшесіне барып зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жөніндегі өтінішті рәсімдеу қажет.
Тағы да естеріңізге саламыз, салымшылар мен алушылар жоғарыда аталған құқықтарын толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік алуы үшін, БЖЗҚ-ның барлық операциялық бөлімшелері 2017 жылдың 30 және 31 желтоқсаны күндері таңғы сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.
http://syrboyi.kz
21 желтоқсан 2017 ж. 1 431 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031