Түнгі рейд жұмыстары жалғасуда
Ауданындағы жастар арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу шаралары сәуір айынан бері жалғасын тауып келеді.
Кеше кезектілікке сәйкес партия филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев бастаған топ жасөспірімдердің көптеп бас қосатын орындарына бас сұғып, түсіндірме жұмыстарын жасады.
Атап айтсақ, арнайы құрам спорт алаңдары, мейрамханалар, дүкендер, ойын-сауық орталықтары мен тамақтанатын орындарға барып, кәмелет жасқа толмаған өскіндердің беймезгіл уақыттан кейін жүруіне болмайтындығын ескертті.
Нұрғиса Жаппарбергенұлының жұмысшы топ құрамында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, «Өнерпаз» бастауыш партия ұйымының төрағасы Совет Бабанаев, аудандық білім және полиция бөлімі мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері болды.
Айта кетейік, аталған топтардың жұмысы әрі қарай қарқын алып, күшейтіле бермек.
#AMANAT