Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал маңындағы тұзды аумақтар қалпына келтірілмек

Арал маңындағы тұзды аумақтар қалпына келтірілмек

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында БҰҰ Даму бағдарламасы мен Еуропалық Одақтың бірлескен жобасы - оазистік суару жобасы ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Пилоттық негіздегі жаңа бастама республиканың төрт өңірінде тұрақты модель енгізуді көздейді. Атап айтқанда, Қызылорда облысы Арал өңірінің ауыл шаруашылығында тиімді су ресурстарын басқару саласына заманауи «жасыл» технологиялар енгізіліп жатыр.
«Жобаға Таң ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 шақырым жерде орналасқан «Манақ Баба» фермасы таңдалды. Ең прогрессивті 9 «жасыл» технологияны қолдану шаруа қожалығын таза сумен және электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мысалы, жоба аясында күн радиациясы мен жел қозғалысын электр энергиясына айналдыратын күн және жел электр стансысынан тұратын гибридтік қондырғы орнатылды. Алынған энергия тұрмыс пен шаруа қожалығының қажеттіліктері үшін пайдаланылады.
Одан бөлек, арнайы сорғы шаруа қожалығы аумағындағы скважинадан суды сорып алады және тәуліктік реттеу бассейніне жинайды.
«Бассейннен су құбыр желісінің қанатшалары арқылы фермерлік шаруашылықтарға тең дәрежеде таратылады. Кері осмостық құрылғының көмегімен тазартылған су ферманың, ірі қара мал шаруашылығы мен суармалы жерлердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылады», - делінген БҰҰ ДБ хабарламасында.
Жобаның арқасында қазірге дейін бес гектар тұзды жер қалпына келтірілді. Оның 3 гектары алма бағына айналып, қалған бөлігі жеміс-жидек өсіруге қолданылып жатыр. Мұндай бизнестің табыстылығы 7 пайызды құрайды. Бұл ретте, құйылған қаржының толық ақталу мерзімі - 5 жыл.
Жоба авторларының айтуына қарағанда, «жасыл» технологияларды қолдана отырып, Арал өңірінде мұндай шағын ауыл шаруашылығы бизнесін дамыту су және энергия қажеттілігіне байланысты әлеуетті экономиканың шығынын 29 миллион теңгеге қысқартады. Қаржы үнемінен тыс, жобаның арқасында СО2 қалдығы жылына 300 тоннаға дейін қысқарады. Жалпы, жоба Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы 37 мың тұрғынды жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жобаны жүзеге асыру барысында «жасыл» технологиялар мен оларды ары қарай тарату мен қолданудың артықшылығы анық байқалған.
Шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, БҰҰ тұрақты үйлестірушісі/ БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура, Қазақстандағы ЕО өкілдігінің уақытша сенімді уәкілі Золтан Салаи мен Қазақстандағы Германия істері жөніндегі уақытша сенімді уәкілі Йонатан Вайнберг қатысты.
«Бұл жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу өнімділікті қалай арттыратынын айқын көрсетті. Біз ауыл шаруашылығы өнімдерінің тасымалдануы дамудың ауқымды мақсаттарына жетуге көмектесетінін көріп отырмыз», - деді Норимаса Шимомура.
Kazinform.



08 маусым 2018 ж. 1 636 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930