Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан оқушылары робот-техника бойынша чемпионатта 3 номинацияға қол жеткізді

Қазақстан оқушылары робот-техника бойынша чемпионатта 3 номинацияға қол жеткізді

Қазақстан оқушылары FIRST World Championship дүниежүзілік чемпионатында бірден үш номинацияға қол жеткізді. Жарыс Американың Хьюстон қаласында өткен, деп хабарлайды egemen.kz
Оқу ағарту министрлігінің хабарлауынша, алматылық 6 жастан 10 жасқа дейінгі ең жас санаттағы Adeptus Mechanicus командасы жоғары ынта-жігері, ынтымақтастық рухы және өзара сыйластығы үшін Core Values Award ерекше марапатын иеленді. Бастауыш сынып оқушыларының инновациялық жобасы мен техникалық әзірлемелері қатысушылар арасында ең үздіктерінің бірі болды.
Play 4 Energy командасы LEAS мектебінің оқушылары 10-16 жас аралығындағы орта санаттағы Robot Design Award жоғары техникалық сыйлығын қанжығасына байлады. Олар күрделі тапсырмаларды орындай алатын берік және тиімді робот жасау арқылы тамаша бағдарламалау және инженерлік дағдыларды көрсетті.
12 жастан 18 жасқа дейінгі жоғары санаттағы Motivate Award Finalist төрешілердің ерекше марапатына Алматының республикалық физика-математика мектебінің AENTA командасы иеленді. Айта кетейік, бұған дейін оқушылар тегін фестивальдар мен тренингтер өткізіп, өз құрдастарына робот-техника мен бағдарламалау негіздерін таныстырған болатын.
«Оқушылар тамаша нәтижелер көрсетіп, елімізді абыроймен таныстырды. Шәкірттеріміздің жеңісіне қатысы бар барлық жанға алғыс білдіреміз! Бұл Қазақстандағы STEM дамуындағы жемісті жолдың басы ғана», деді USTEM Robotics қоғамдық қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.
Айта кетейік, робот-техника бойынша бүкіләлемдік чемпионатқа барлығы 36 мың бала қатысты. Ел намысын 50-ге жуық қазақстандық оқушы қорғады.
24 сәуір 2023 ж. 293 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 55

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 102

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031