Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады

Синоптиктер 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады

Таулы аудандарда кей уақытта жаңбыр мен қар жауады.«Қазгидромет» бүгін ауа райына байланысты өңірлерде ескерту жариялады, – деп хабарлайды aikyn.kz.
Астана қаласында түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде және таңертең екпіні – 15-20 м/с болады.
Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр болады. Таулы аудандарда кей уақытта жаңбыр мен қар жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің күші кей уақытта 24-29 м/с-ке жетеді.
Алматы қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, батысында тұман күтіледі. Желдің екпіні түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз батысы мен солтүстігінде – 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 25 м/с артуы ықтимал. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Өңірдің солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады, оңтүстік пен шығыста 23-28 м/с-ке жетуі мүмкін.
Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Таулы аудандарда кей уақытта нөсер жауын-шашын күтіледі. Күндіз оңтүстікте, таулы аудандарда найзағай, бұршақ болжанады. Желдің жылдамдығы кей уақыттарда 23-28 м/с артады.
Абай облысында жауын-шашын, түнде облыстың солтүстігінде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Таңертен және күндіз Павлодар облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігі мен шығысында жаңбыр, қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с артуы мүмкін.
Түнде Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні – 15-20 м/с.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ті құрайды. Екпіні 23-28 м/с-ке артуы ықтимал.
Ақмола облысының оңтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
17 сәуір 2023 ж. 120 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 91

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 141

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 96

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031