Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

11 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Түнде Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігіне тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан 17-22 м/с жел соғады, Атырау қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел еседі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Өскемен қаласында шығыстан жел соғып, бағыты солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз екпіні 15-18 м/с-ке жетеді. Семей қаласында шығыстан жел соғады, бағыты солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-18 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, күндіз облыстың шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының шығысында тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Солтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Қызылорда қаласында оңтүстік-батыстан жел есіп, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. 8 сәуірде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында батыстан 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіне тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с болуы ықтимал. Петропавл қаласында күндіз батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аймағында найзағай ойнап, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
08 сәуір 2022 ж. 463 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 84

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930