Қазақстанда кімдерге паспорт тегін беріледі?

Шетелге шығарда әрбір баланың жеке паспорты болуы қажет. Ал бұл құжат ХҚО-да 12 жасқа толмаған балалар үшін әр 5 жыл сайын рәсімделеді.
Ал бала өскен сайын бет әлпеті де өзгеруі мүмкін. Сондықтан шекарада келеңсіз жағдайға тап болмас үшін төлқұжаттың мерзімі аяқталмаса да ауыстыру қажет. Ата-анасының бірі шетел азаматы болса, оның нотариалды куәландырылған келісімі керек.
Сонымен балаларға паспорт алу үшін керекті құжаттар тізімі:
Туу туралы куәлігі (құжаттарды ресімдеген кезде баланың болуы міндетті);
ата-анасының бірінің жеке куәлігі;
баланың фотосуреті (оны ХҚО-да жасауға болады);
баж төлемі туралы түбіртек (8 МРП).
Одан бөлек, паспортты "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері, мүгедектер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ белгілі бір жеңілдігі бар санаттағы азаматтар тегін алады. Қосымша ақпаратты 1414 нөмірі бойынша білуге болады.